ЖОЛ ТӘРТІБІН ҚАДАҒАЛАЙТЫН ИНСПЕКТОРЛАР ТАПШЫ

Аймағымызда «Жолда қабылдау» акциясы басталды. Бұл жолы Павлодар облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы, полковник Талғат Ақжігітов бастаған топ Ақсу қаласында болды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін, өтініштерін тыңдады, сондай-ақ халықтың жол полициясы қызметкерлері туралы ойларын білді.

Жалпы, «Жолда қабылдау» акциясы республика көлемінде осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы бұл шара өзінің игі нәтижесін берсе керек, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қолдауымен жол полициясы өкілдері аталмыш акцияны дәстүрлі түрде өткізуді шешкен. Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей тәртіп бұзушылықтардың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесін құру, құқық қорғау органдары мен өзге де құрылымдардың беделін арттыру мақсатында қолға алынған бұл шара халық арасында қолдауға ие болып отыр. Осы «Жолда қабылдау» акциясы арқылы әр қала, тіптен аудан тұрғындары жол қозғалысы, қауіпсіздігі және осы саланың басқа да мәселелеріне қатысты өздерін мазалаған кез-келген сұрақтарын тікелей басшыларға қоюға мүмкіндік алады.

Ақсу халқы өздеріне берілген мұндай мүмкіндікті ұтымды пайдалануға тырысты. Қалалық мәдениет сарайына жиналған жұртшылықтың сауалдарына облыстық жол полициясы басқармасының бастығы, полковник Т.Ақжігітов және облыс орталығынан барған топ құрамында болған аталмыш басқарманың өзге де қызметкерлері жауап берді. Сондай-ақ шараға Ақсу қаласының, жергілікті ішкі істер органының басшылығы, «Нұр Отан» ХДП қалалық фракциясының өкілдері, ақсулық «Жас Отандықтар» қатысты.

Қалада өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасының тіркелу көрсеткіші және ондағы жапа шеккен адамдардың саны артқан. Мұны тұрғындар жергілікті жол полициясындағы кадр тапшылығымен байланыстырады. Онда қазір небәрі 4-5 адам ғана жұмыс істейтін көрінеді. Ал көшелерге шығып, жол тәртібін қадағалайтын инспекторлар жоқ. «Бұл мәселе жақын арада шешімін табады. Ақсулық жол полициясы қызметкерлерінің қатары толығатын болады. Бұл ретте біз облыс әкімдігімен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз» - деді Т.Ақжігітов.

Тұрғындар қала көшелеріндегі заңсыз автотұрақтардың көбейіп кеткендігіне де алаңдаушылықтарын білдірді. Соның салдарынан бүгінде балалар аулаға шығып ойнай алмайтын дәрежеге жетті. Талғат Рыскелдіұлы шара барысында халық тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді. Және олардың орындалуын облыстық жол полициясы басқармасының бастығы тікелей өз бақылауында ұстайтын болды.

Акция барысында мәдениет сарайына жиналған жұртшылыққа арнайы сауалнама қағаздары таратылды. Онда тұрғындарға жол полициясы қызметіне байланысты сұрақтар ұсынылған. Сондай-ақ тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін де білдіре алады. Әзірге аталмыш сауалнаманың нәтижесі белгісіз. Бірақ жол полициясы басқармасының өкілдері ақсулықтардың барлық өтініштері ескеріледі деп сендірді.

Алдағы уақытта «Жолда қабылдау» акциясы аймағымыздың бірқатар аудандарында ұйымдастырылмақ.

Д.АЙТПАЙҰЛЫ.

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30