СОТ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 

Павлодар облыстық сот төрағасы Әуезнұр Қаженовтің төрағалығымен түрлі деңгейдегі соттардың өткен жылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Отырысқа облыстық сот алқаларының басшылары, сот әдебі жөніндегі комиссияның өкілдері мен қалалық және аудандық соттардың төрағалары қатысты.

Облыстық соттың судьясы, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіруші Т.Мирзоян өткен жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар мен сот төрелігін іске асырудың қорытындыларын баяндады. Облыстық соттардың статистикалық мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы 52202 іс қаралған, бұл көрсеткіш 2009 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2806-ға аз. Облыстық соттарда қаралған істердің көбі азаматтық бағытта өрбіді. Олардың жалпы саны 36603 істі құраған. 2010 жылы құқық бұзған 2032 адам сотталып, 904 азамат бас бостандығынан айырылған. Соңғы кездері сот үкімін шығарушы тараптар құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты баламалы жазалау шараларын қолдана бастаған. Оларды бас бостандығынан айырудың орнына айыппұл салу, еркіндігін шектеу түріндегі жазалау шаралары қолданысқа енгізілген. Тәжірибеге енгізілген бұл шаралар өткен жылға қарағанда 1,7 пайызға өскен. Азаматтық істер бойынша қалалық соттың бір судьясының айлық жүктемесі 85 іске тең екен. Бұл - судьялар жүктемесі нормативінен төрт есе жоғары көрсеткіш. Ең жоғары жүктеме Екібастұз қалалық сотының еншісінде.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық үрдістегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі.

- Заң жобасы қылмыстық, іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасына, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасы күшіне енген соң облыс орталығында ақпан айының басында семинар өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді облыстық сот басшысы Ә.Қаженов.

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28