«НОУТБУК» ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТСІЗ ӨРІЛДІ...

 

Өткен жылдың соңында, дәлірек айтсақ, 27 қаңтардан 28 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер облыс орталығында орын тепкен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының ғимаратына терезені сындырып кіріп, жалпы құны 1 миллион 725 мың теңгені құрайтын 15 дана ноутбукты ұрлап кеткен. Аталмыш факт бойынша Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының гарнизоны жедел іздестіру шараларын жүзеге асырды. «Бақсақ, бақа екен» демекші, білім ордасына «бас сұғып», бағалы құралдарды ұрлағандар  аталмыш мектептің бұрынғы түлектері болып шыққан екен. Қолға түскен күдіктілер алдын ала жүргізілген тергеу амалдары барысында «Ноутбук ұрлау» операциясының қалай өрбігенін айтып беріпті. Олар автокөлікпен білім ордасы ғимаратына таяп келіп, «қажетті» терезеге жақындап, өздерімен бірге ала келген сатыны қойып, 2-ші қабатқа көтеріліпті. Артынша, терезе шынысын қиратып, кабинетке енген. Онан соң, емін-еркін жүріп, кабинеттегі 15 ноутбукты сыртқа алып шығыпты. Іс тындырылған соң, ноутбуктер күдіктілердің бірінің үйіне жеткізілген көрінеді. Жаңа жыл мерекесінен соң, олар техникалық құралдардың 3 данасын сатып, одан түскен 115 мың теңге олжаны қалталарына басып үлгеріпті. Полицейлердің айтуанша, қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31