БАЛАНЫҢ СОТҚАРЫ – ПӘЛЕНІҢ ШОҚПАРЫ

 

Үстіміздегі жылдың 12-16 қаңтары күндері аралығында Павлодар облысы аумағында «Жеткіншек» атауымен жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Шараның басты мақсаты – жеткіншектердің қатысуымен болатын қылмыстардың алдын алу, құқық бұзушылық бағытына бейім тұратын жеткіншектер топтарын, есірткі және басқа да психотроптық заттарды тұтынуы мүмкін, сондай-ақ білім алудан жалтарып, қашып жүрген жасөспірімдерді анықтау және оларға шара қолдану арқылы дұрыс жолға салу. Сонымен қатар, түнгі уақыттарда көңіл көтеру орындарында бой көрсететін жеткіншектерді де анықтау мәселесі басты назарға алынды.

Полицейлердің айтуынша, жедел алдын алу шарасы барысында заңсыздыққа бой алдырған 647 жасөспірім анықталып, арнайы тіркеуге қойылыпты. Ал әкімшілік жауапкершілікке 281 жеткіншек, сондай-ақ баласын бақылаусыз жіберген 346 ересек адам мен тұрмыс деңгейі нашар 117 отбасы тартылған. Анықталған фактілерге сүйенсек, білім алудан жалтарып жүрген 117 жасөспірім белгілі болған. Қала берді, есірткі және басқа да жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынушы  2 жеткіншек айқындалыпты.

Айта кету керек, заң бойынша кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен шылым сатуға тыйым салынған. Өкінішке қарай, заңның бұл талаптарын сауда орындарындағы сатушылардың барлығы дерлік орындай бермейтіні де айқын болып отыр. Мысалы, жедел алдын алу шарасы барысында кәмелетке толмаған жеткіншекке шылым сатқан сатушы анықталған. Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесі бойынша орын тепкен сауда нүктесінің сатушысы жеткіншекке сыра ішімдігін сатқан жерінен әшкере болды. Мұндай фактілер Ақсу қаласында да тіркелсе керек.

Алғабас ауылында жасөспірім қызын түнгілікте би алаңына жіберген 53 жастағы ана әкімшілік жауапкершілік арқалаған.

Сондай-ақ, тұлғаларды қорғау бойынша бірқатар шешімдер шығарылыпты. Мысалы, Екібастұз қаласы ішкі істер бөліміне 38 жасар қала тұрғыны – отанасы өтініш түсіріп, кәмелетке толмаған ұлы күш көрсетемін деп қорқытқанын жеткізіпті. 

Ертіс ауданында 23 жасар азаматша кәмелетке толмаған 2 қызға спирттік ішімдік ішкізіп, оларды мастық күйіне дейін жеткізуге «ықпал» еткені белгілі болыпты.

Осы тектес фактілердің барлығы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, арнайы шаралар қолданылған. Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, алдағы уақытта мұндай жедел алдын алу шаралары өзінің жалғасын табатын көрінеді.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31