Құрметті оқырман! Төменде көпшіліктің сұрауы бойынша халық арасында жиі кездесетін холецистит, іш қату, пиелонефрит, атеросклероз, басқа да ауруларды емдеуге арналған қарапайым кеңестер ұсынғанды жөн көрдік.
Сіз де денсаулығыңызға байланысты ақыл-кеңес алғыңыз келсе, хабарласыңыз.
Атеросклероз – қан тамыр қабырғаларына май қосынды-ларының тұрып, қалыңдауынан пайда болатын ауру. Оны жүрек қан тамырлары жүйесінің ауруы деп атайды. Бұл бүгінгі таңдағы өршіп тұрған аурулардың бірі.
Аталмыш дертке мынадай заттардың қоспасы ем болады: 15 грамм қалампыр (гвоздика – дәмдеуіш түріндегісі жарай береді), 0,5 литр арақ, 0,5 кг қант, қабығымен бірге үккіштен өткізілген 3-4 дана лимон. Барлығын 3 литрлік банкаға салады да, оның үстіне қайнаған жылы су құяды. Мұны екі аптадай уақыт қараңғы жерге қою керек. Содан кейін бұл тұнбаны күніне 3 рет тамақтанудан 15 минут бұрын 25 мл-нан қабылдап отыру қажет. Банкадағы емдік қоспа біткеннен кейін 7 күндік үзіліс жасаңыз. Егер де өзіңізге қажет деп санасаңыз, емделу курсын тағы бір рет қайталауыңызға болады. Бірақ, арасында дәрігерлік тексерістен өтіп тұруды да ұмытпаңыз.
* * *
Өт жолының қабынуын медицинада «холецистит» деп атайды. Бұл аурудан айығуға кәдімгі пияз көмектесе алады екен. Ол үшін 5-6 пиязды қабығынан аршып, суға пісіреді. Ешқандай дәмдеуіш, тіпті тұз да қоспайды. Алғашқы аптада күніне 5 пияздан, ал одан кейінгі аптада 3 пияз жеп отыру керек. Екі аптадан кейін өзіңізді жеңіл сезіне бастайсыз. Аурудан толық айығу үшін пиязды 3 ай бойы үзбей қабылдау қажет.
* * *
Өттегі тастан айығуға зәйтүн майы жақсы көмектеседі. Алғашқыда зәйтүн майын ішуді тамақтанудан 30 минут бұрын жарты шай қасықтан бастау керек. Қабылдайтын майдың мөлшерін күн сайын аз-аздан арттыра отырып, 1/2 (жарты) стақанға дейін жеткізу қажет. Емделу уақыты 2-3 аптаға созылады.
* * *
Медицина тілінде бүйрек және бүйрек түбінің қабынуын «пиелонефрит» деп атайды. Бүйрек қабынуы кезінде науқастың дене қызуы көтеріліп, дірілдеп тоңа бастайды. Осындайда мүкжидек (клюква) жемісі өте пайдалы.
Егер бүйрегіңіз шаншыса, жатар алдында 1-2 ас қасық мүкжидек жемісін жесеңіз, таңертең оянғанда сап-сау болып тұрасыз. Сонымен қатар, бүйрегі ауыратын жүкті әйелдерге де осы жемістің пайдасы зор. Өйткені, жүктілік кезінде кез келген дәріні іше беруге болмайды.
* * *
Кеудедегі қақырықты түсіру үшін төмендегідей шөптер жиынтығы қажет: 1 шай қасық жолжелкен (подорожник), 0,5 шай қасық шегіргүл (фиалка трехцветной) және 1 шай қасық жөке гүлі (цветы липы). Осының барлығын үгітіп, эмаль ыдысқа салып, үстіне 1 стақан суық су құйып, 2 сағаттай қоя тұрады. Екі сағаттан соң қайтадан жарты стақан су құйып, жай отта 3-4 минуттай қайнату қажет. Сосын оны суытып, дәкеден сүзіп алыңыз. Дайын болған тұнбаны жарты стақаннан күніне 3 рет ішу ұсынылады. Оған бал қосып ішсеңіз, тіптен жақсы әсер етеді. Осы емдік шөптер қайнатпасын кеудедегі қақырық түсіп, жөтел басылғанша 15-20 күндей қабылдау қажет.
* * *
Іш қатқанға (запор) түйежапырақ дәні (семян лопуха) жақсы көмектеседі. Оны пайдалану үшін дәннің 1 ас қасығына бір стақан қайнаған су құйып, шамалы бұқтырады. Дайын болған тұнбаны күніне екі рет жарты стақаннан ішу керек. Ол ішектердің қызметін жақсартып, іш қатуды болдырмайды.
* * *
Кішкентай балалардың бойы жақсы өсуі үшін жылы сүтке жұмыртқа қосып береді. Екі стақан сүтке бір жұмыртқа салып, әбден араластырып, күніне 3 рет беру керек.
* * *
Егер асқазаныңыз үнемі батып ауыратын болса, таңертең ашқарынға 1 дана шикі жұмыртқаны ішіңіз. Ал тамақтануды тек жарты сағаттан кейін ғана бастаңыз.
* * *
Тіс түбі, яғни тістің қызыл еті ауырған жағдайда ас содасын суға шылап, саусақпен жағады. Артынан тіс щеткасымен ысу керек.
* * *
Қалбырланған бұршақтың суын төгіп тастамаңыз. Оны тамаққа пайдалануға болады. Өйткені, оның құрамында дәрумендер мен минералды заттар көп.

