Зара ҚОЖАХМЕТОВА,
Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы Павлодар облыстық филиалының төрайымы:
- Бұл жаңалықты алғашқыда естігенде жүрегім жарылардай қуанған едім. Мемлекет басшысының аузынан шыққан ақжолтай сөз бүгінде шындыққа айналып, ұлттық арнамыз қазақ тіліне толықтай көшкеніне шексіз ризамын. Бұл телеарна ең алдымен қазақ халқы үшін пайдалы. Осы күнге дейін елімізде өз хабарларын тек мемлекеттік тілде тарататын бірде-бір арна болмады. Ол олқылықтың орны енді толды деуге болады. «Қазақстан» арнасы алдағы уақытта балаларға арналған көрсетілімдерін арттырса абзал. Шетелдік озық кино үлгілерін ана тілімізде сөйлетсе деген де тілегім бар.
Пікірлерді жинаған – Фархат Әміренов.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 10 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

