ИМАНДЫ ҚЫЗ, СҮЙІКТІ ЖАР, АЯУЛЫ АНА

Дәл осындай атпен барша мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі күні Тілеубай ауылдық клубының меңгерушісі Қымбат Олжабаеваның мұрындық болуымен тағылымы мол кеш өтті. Аталмыш шараға ауылдың қыз-келіншектері, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып үлгерген аяулы аналар және мектеп оқушылары қатысты.

- Мереке күні өткізілген кештің басты мақсаты қоғамымыздағы нәзік жандылардың мәртебесін көтеріп, аналарымыз бен апа-әжелерімізді құрметтеу, олардың үгіт-өнегесін келер ұрпаққа дәріптеп жеткізу болып табылады, - деді Қымбат Олжабаева.

Шара барысында аяулы аналар мен қыз-келіншектер үй тұрмысын реттеу, ас мәзірін даярлау, бала тәрбиесі туралы сыр шертісіп, өзара ой бөлісті. Қыз балалар болса өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қазақтың қыз тәрбиесіне байланысты салт-жоралармен танысты. Тілеубай негізгі мектебінің ұжымы ауылдық клуб меңгерушісінің бұл бастамасын қолдап, алдағы уақытта жалғасын тапса деген тілек білдірді.

 

Алтынай МАНҒҰТОВА,

Тілеубай негізгі мектебінің мұғалімі,

Қашыр ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30