Павлодар облыстық балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлбарам Науразбаеваның жетекшілігімен «Игілігі үшін ұрпақтың» атты педагогикалық клуб құрылды. Клуб құрамында мемлекеттік қызмет өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагог мамандар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері бар.
Адамгершілік-рухани құндылық-тардың мәртебесін көтеру және өскелең ұрпақты осы құндылықтар негізінде тәрбиелеуді жүзеге асыру мақсатында пайда боллған клуб жақында бірінші отырысын өткізді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік-рухани әлеуетін дамытуға бағытталған «Жүрегім махаббат, мейірімділік және әсемдік үшін ашық», «Адамгершілік-рухани кемелдену мектебі» сияқты жобаларын іске асыру - клуб мүшелерінің алға қойған мақсаттарының бірі. Отырыста түрлі бағыттағы секциялардың басшылары сайланып, алғашқы іс-қимыл жоспары әзірленді. Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын азаматтарды бір арнаға тоғыстырған клуб жасөспірімдердің адамгершілік-рухани дамуына бағытталған сайыстарды ұйымдастырумен қатар, педагогика саласында қызмет етіп жүрген мамандарға әдістемелік-кеңестік көмек көрсетумен айналыспақ.
А.ЕСІМХАНОВА.

