ОБЛЫС ИМАМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

 

Кеше Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде діни семинар өтті. Оған аймағымыздағы барлық мешіттердің имамдары мен облыстық дін істері жөніндегі департаменттің басшысы Дәулет Закарянов қатысты. Жиында Елбасының биылғы Жолдауы жан-жақты талқыланып, жиналғандар өз ойларын ортаға салды.

 

Дін мемлекеттен бөлек. Алайда, Хазіретті Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басшыларыңа бағыныңдар деген екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дінбасымыз шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің бірлесіп жасап жатқан игі істері баршамызға аян. Отырыста осы жайлы сөз қозғалып, халықты ізгілік жолына бастап келе жатқан Елбасы мен Дінбасына мақтаулар айтылды. Тұңғыш Президентіміздің халық үшін атқарған айшықты істері туралы баяндалып, дін өкілдері әрдайым Елбасымен бірге екендіктерін жеткізді.

Семинарда сөз алған облыстық Дін істері жөніндегі департаменттің бастығы Дәулет Қақанұлы: «Елімізде көптеген дін өкілдері тұрады. Соған қарамастан мемлекетіміздегі дінаралық татулық пен уыздай ұйыған тыныштық өзге елдерге үлгі боларлықтай. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасы. Бүгінгі күні Павлодар облысында 172 түрлі діни бірлестік пен саны аз діни топтар тіркелген. Бұлардың бағыттары да, мақсат-міндеттері де әртүрлі. Сондықтан, жастар қауымын кейбір теріс пиғылды діни бірлестіктерден сақтап, ізгілік жолына шақыруымыз қажет. Ол үшін сіздер, имамдар Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адалдыққа, татулыққа, бірлікке шақыратын уағыздарын жамағатқа жеткізулеріңіз керек. Олай болса, жүрген жерлеріңізде жұртшылықты тура жолға бастап, ақиқаттың ақ жолын ұсыныңыздар»,-деді. Сондай-ақ, департамент басшысы Елбасының ұстанған дұрыс бағыты туралы айта келіп, алдағы уақытта дін тақырыптарына байланысты көптеген кездесулер өтетіндігін алға тартты. «Осыдан бір-екі күн бұрын Екібастұз ауданындағы мешіттерді аралап қайттым. Олардың тыныс-тіршілігімен таныстым. Келешекте басқа да аудандарды осылайша аралайтын боламын»,- деді өз сөзінде.

- Аллаға шүкір, асыл дініміз Ислам жылдан жылға дамып келеді. Оған шүкіршілік етеміз. Алайда, қарқынымызды тоқтатуға әсте болмайды. Себебі, жамағатқа Алланың ақиқат дінін ұсынуымыз керек. Әсіресе, жастарды ізгілік жолына шақырып, адалдыққа тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін дін өкілдерінің алар орны бөлек,- деді Мәшһүр Жүсіп мешітінің Бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы. Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 2300-ге жуық мешіт бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл - өте төмен көрсеткіш. «Бір ғана Мысыр мемлекетінің астанасы Каирда 4 мыңға жуық Алланың үйі бар. Ал медреселердің жайы бір бөлек. Мемлекетімізде бар-жоғы 9 ғана медресе жұмыс істейді. Соның біреуі біздің өңірде орналасқан. Бүгінде онда 2 араб және 1 түрік ұстазы еңбек етеді. Медреселердің басты мақсаты - діни ұстаздарды өзімізде даярлау. Яғни, алыстан ұстаз шақыртпай, жергілікті жерлердегі қаракөз қандастарымызды ұстаздыққа баулу»,- деді Жолдас Қоспақұлы. Осылайша, Ислам дінінің бүгінгі келбетін саралап өткен ол Елбасының саясатын қолдауды әсте естен шығаруға болмайтындығын жеткізді.

Жиын барысында мешіт имамдары сөз сөйлеп, Жолдауға қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Ақсу қалалық аумағы Жолқұдық ауылының имамы Қырықбес Әбдіғалымұлы Президентіміздің Жолдауы еліміздегі жарқын істердің бастамасы болады дейді. Ол Мемлекет басшысының ұстанған бағытын қолдап, жамағатқа Ұлт көшбасшысының атқарып жатқан игі істерін үнемі үлгі ететіндігін жеткізді. 

Еркебұлан ӘМІРЕНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28