Соңғы уақытта барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, асылы, қоғамымызда имандылық мәселесі төңірегінде, діни ағымдар жайлы әңгіме көбейіп кетті. Ұрпағымыздың бойында иманы бар болғаны - шынында да, зор қуаныш. Алайда, бұл өте сақтық пен сауаттылықты қажет ететін тақырып екенін де естен шығармаған абзал. Екінің бірі теолог немесе дінтанушы бола бермесі анық. Сөйтсе де, қоғамның кез келген мүшесі өз пікірі мен көзқарасын айтуға құқылы.
Жақында қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» атты мақаласын оқыдым. Шыны керек, терең ойға қалдым. Мақаланың соңына дейін жетпей жатып, «шіркін-ай, ертеректе ата-әжелеріміз екі кісінің басы қосылса, отыра қалып ұрпақ тәрбиесіне маңызды дүниелерді айтушы еді, кейбір мәселелерді талқыға салушы еді.
Жұмабек Сманов.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 8 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

