Ертістің Павлодар өңірі – қазақ халқының мақтанышына айналған талай дарын иелерін өсірген киелі топырақ. Осындай тау тұлғалардың бірі, бүгінде қазақ әдебиетінің абыз ақыны атанған Мұзафар Әлімбаев таяуда Алматыдан туған жері Павлодар облысына келді. Туған елге сапар барысында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі, Павлодар облысының құрметті азаматы Мұзафар Әлімбаев жұбайы Шапау апамен бірге кіндік қаны тамған жері - Шарбақты ауданы, Маралды ауылында болып, одан соң облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 15 қыркүйектегі нөмірінен оқи аласыз)

