Ерлан АРЫН,
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор, облыстық мәслихаттың депутаты
Ерлан Мұхтарұлы АРЫН – іскер басшы, ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері. Бүгінде ер жасы елуді бағындырып отырған оның есімі облыс пен республика көлемінде кеңінен танымал. Ұлттық рухты ұлықтау жолында қырық атанға жүк боларлық жауапкершілікті қайыспай көтеріп келе жатқан тұлғаның бүгінгі айтар ойы да – нағыз ұстазға, ғалымға тән парасатты пікірлер.
- Ерлан Мұхтарұлы, өзіңізбен кезекті рет сұхбаттасуымыздың өзіндік себебі бары белгілі. Сондықтан, «Қамал алар қырық белесті артқа тастап, ер жасы саналатын елуге аяқ басқан қалай екен, жаңа белес Сізге қандай көңіл-күй сыйлайды, қалай қабылдайсыз?» деген сауал көпшіліктің көкейінде сайрап жатыр деп ойлаймын...
- Қазақтың «Елу жылда ел жаңа» деген сөзі бар ғой. Бала кезімде, әсіресе, ауылға барғанда біраз ағалар маған ақсақалдай болып көрінетін. Қазір ой жүгіртсем, сол кезде ол кісілердің жасы қырықта ғана. Бірақ, көз алдымызда үлкен адамдар секілді елестейтін. Қазір жасы елуге келсе де, жап-жас болып көзге шалынатын замандастарымды көріп марқаямын.
Сұхбаттасқан - Асыл ӘБІШЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 22 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

