Шығармаларын орыс тілінде жазатын белгілі қаламгер Бақытжан Қанапияновтың есімі әдебиет, кино және аударма саласында да жақсы таныс. Ақын, прозашы әрі режиссер өзінің 60 жасқа толу мерейтойын Ертістің Павлодар өңірінде атап өтті. Облыс орталығындағы «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығында өткен «Ғасырларға шегінемін тереңнен» атты кешке аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ мерейтой иесінің ұстаздары мен сыныптастары қатысты.
Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Б.Қанапияновты 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, ата-баба дәстүрі бойынша иығына шапан жапты.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 13 қазандағы номерінен оқи аласыз)

