Құрбан айт намазы қалай оқылады?

 

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға, оның отбасына, сахабаларына салауат және сәлем болсын! Міне, мұсылманның ұлық мерекесіҚұрбан айт мейрамы да келіп жетті. Барлықтарыңызды осы Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.

Сөз еткелі отырған тақырыбымыз Құрбан айт намазы болғандықтан, айт намазының мәні мен мағынасына тоқтала келіп, оның қалай оқылатындығын түсіндіре кетуді жөн көріп отырмын. Құрбан айт намазын оқууәжіп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Намаз парыз болғандарға айт намазын оқу - уәжіп» - деген. Әбу Дәуіттің Сүнән атты еңбегінде Әнас ибн Маликтен (р.а.) жеткен хадисте айт намазының екі ракағат екендігі айтылған: «Расулуллаһ (с.а.у.) Мәдинаға келгенде қала тұрғындарының ойнап-күлетін екі мейрамы болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл қандай мейрам?» – деп сұрады. Олар: «Уа, Расулаллаһ, бұл біздің бұрыннан келе жатқан ойнап-күлетін мейрамдарымыз»,-деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала бұл екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, ОларОраза және Құрбан айт мейрамдары»,- деді. Сондайақ, Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз - намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені...», - деген.

Айт намазы мен жұма намазы бірбіріне ұқсайды. Жұма намазында құтпа оқу парыз және намаздан бұрын оқылса, айт намазында құтпа оқу сүннет әрі намаздан кейін оқылады.

Айт намазыекі ракағат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Мысалы, имам «Алла разылығы үшін екі ракағат құрбан айт намазын оқуға ниет еттім» деп ниет етсе, жамағат: «Екі ракағат құрбан айт намазын оқуға ниет еттім, ұйыдым имамға» деп ниет етеді. «Аллаһу әкбар» деп тәкпір айтылып, құлақ қағылып, қол байланады. Имаммен бірге жамағат құпия түрде «Субханәкә Аллаһуммә» дұғасын оқиды. Одан кейін имамжария түрде, жамағатқұпия түрде «Аллаһу әкбар» деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Үшінші тәкбірден кейін қол байланып, имам «Әғузу» мен «Бисмиллаһты» құпия түрде, одан кейін «Фатиха» мен қосымша сүрені дауыстап оқиды. Кейін жария түрде «Аллаһу әкбар» деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағатта имаммен бірге рүкүғ пен сәждеге барады. Содан кейін екінші ракағатқа бастайды. Имам құпия түрде – «Бисмилланы», жария түрде - «Фатиха» сүресін және қосымша сүрені оқиды. Міне, осыдан кейін алғашқы ракағаттағыдай үш рет «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алады. Бұдан кейін имамжария, жамағатқұпия «Аллаһу әкбар» деп рүкүғ пен сәждеге барады. Сәждеден кейінгі соңғы отырыста «әт-тахият», «салауат», «раббәнә» дұғалары оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Осылайша, айт намазының оқылуы бітіп, имам құтпа оқуға мінберге шығады.

Айт намазында екі құтпа оқылады және екі құтпаның арасында жұма намазында отырғандай болады. Бірінші құтпаның басында «Аллаһу әкбар» деп 9 рет, ал екінші құтпаның басында 7 рет айтудың сауабы мол.

Айт намаздарының басында немесе соңында сүннет намаздары оқылмайды.

Құрбан айттың алдындағы күнді «Арапа күні» деп атайды. Бұл – Зилхижжаның тоғызыншы күні. Арапа күнінің таң намазынан бастап құрбан айттың төртінші күні екінді намазының уақытына дейін әр парыз намаздың сәлемін бергеннен кейін «Тәшриқ тәкбірін» айту намаз оқуға міндетті әрбір жанға уәжіп. Жеке намаз оқыған адам да, жолаушы да, ер кісі де, әйел кісі де бұл тәкбірді айтуға міндетті. «Тәшриқ тәкбірі» былай айтылады:

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил – хамд».

Мұсылмандар айттың алғашқы күні, жуынып тазаланғаннан кейін, таза жаңа киімін киіп, хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барса, үлкен сауапқа кенеледі. Айт намазына әйелдер мен балалар да қатысқаны жөн. Сараңдық, дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік секілді жағымсыз қылықтардан бойды алшақ ұстап, жетімге, жесірге, мұң–мұқтажды жандарға садақа беріп, ізгі істермен айналысудың құндылығы ұшан-теңіз. Мұсылмандарды айт мерекесімен құттықтап, көршілерге және туған–туыстарға айтшылап, балаларды сый–сияпаттармен қуантып, көтеріңкі көңіл-күйде болып ренжіскендерден кешірім сұрау - өте сауапты іс. Айт күндері қабірлер тазалап, зиярат етіп, аруақтарға Құран бағыштауға болады. Сондай–ақ, айт күндерінің түндерін Алла тағалаға құлшылық етіп, дұға жасап, Құран оқып және зікір айтып өткізу ол - шалынған құрбанның және дұға тілектеріміздің қабыл болуына себепкер болады.

Алла Тағаладан мұсылмандарға қажылық жолында жасаған құлшылықтарының өтеуі ретінде сыйлаған қасиетті Құрбан айт мейрамы баршаңызға құт-береке әкелсін!

Құрбан айт намазы Павлодар қаласында 6 қараша күні барлық мешіттерде таңғы сағат 8.45-те оқылады.

Н.ИСЕНОВ,

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30