Есімі еленсе...

Eуропалықтар «Қазақ қолөнерінің классигі» деп атаған Баянауыл ауданының тумасы - Қамар Қасымұлының есімі алты Алашқа аян. Ол ел арасында саз аспаптарын жасайтын тұңғыш шебер, шеберханалар ұйымдастырушысы ретінда танымал. Сұлтанмахмұт ақын мен Қамар түйдей құрдас, өзара дос, өте сыйлас болып өткен. Содан белгі болсын деп, С.Торайғыров Гүләйімнің атын Қамардың есімімен атап кеткен деген сөз әлі күнге дейін көнекөз қариялардың аузында.

Қамар Қасымұлын саз аспаптары үлгілерін жасау өнерін дамытып, бүгінгі қажеттілігімізге жаратқан он саусағынан өнер тамған шебер ғана деп қабылдасақ, оның атқарған тарихи-ғылыми еңбегіне қиянат жасаған болар едік. Оның ғылымға бір табан жақын екенін біріміз білсек, біріміз мүлдем бейхабармыз. Ол - арганология, яғни аспаптарды зерттеу ғылымымен айналысқан тұңғыш қазақ аспаптанушысы. Қазіргі кезде оның жеке мұрағатында араб әрпімен жазылған қалың дәптерлер, суреттер, аспаптардың түрлі үлгіде түсірілген фотолары, сондай-ақ «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері» куәлігі, «Еңбек Қызыл ту» орденін алғаны жөнінде деректер мен хаттар сақтаулы.

Қамар Қасымұлы қызмет бабымен Мәскеуде болғанында, ондағы орыс оркестрінің қазақ ұлттық аспаптарына бейімделген шығармаларды өз деңгейінде орындай алмайтынын аңғарады. Сондықтан, ол қазақ ұлттық аспаптардың үн ерекшелігін, табиғатын бұзып алмау үшін оркестр құрамын қалыптастыруда аянбай ізденді. Сөйтіп, ол халық шеберлері жасаған көне музыка құралдарын басшылыққа ала отырып, дала табиғатымен үндес жатқан аспаптар тобын жасау бағытында еңбек етеді.

Елімізде Құрманғазы оркестрі ұйымдасқан сәтте, сол кездегі мәдениет жөніндегі нарком Темірбек Жүргенов ел ішінен Қамекеңді шақырып, оркестрге негізделген аспап жасауды жүктегені тарихтан белгілі. Қамар Қасымұлы өзінің ең алғаш шеберханасын да Жамбыл атындағы филармонияда құрған. Өзінің араб әрпімен жазылған қолжазбасында: «Менің барым да, бақытым да - осы өнерім» деген сөзі бар. Айта кетерлігі, елімізде ұйымдастырылып жүрген республикалық «Үкілі домбыра» аспапшы шеберлер байқауының Қамар Қасымұлы атындағы арнайы жүлдесі бар. Сонымен қатар, облыс орталығындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Алматыдағы қазақ халық музыка аспаптары музейінде оның мұраларына арналған жеке көрме ұйымдастырылған.

Құдайға шүкір, ел-жұрт Қамар Қасымұлы сынды дарынды да ұлағатты ұлдарын біледі, таниды, мақтан тұтады. Бүгінгі күні тұлғаның қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі, оның өнегелі өмірін зерттеген азаматтар аз емес. Солардың бірі - өнер зерттеуші, Алматыдағы Ықылас атындағы қазақ халық аспаптары мұражайының қызметкері Зәбира Сыпатайқызы. Шебер мұрасын зерттеуші «Мәдениет» және «Алматы ақшамы» газеттеріне «Киелі өнер ұстасы», «Ескерусіз қалған есіл ер», «Аспаптанудың атасы кіматты ғылыми мақалалар жариялаған. Қазақ өнері мен мәдениетінде өшпес із қалдырған Қамар есімін бізден гөрі көршілес Моңғолия, Қытай, Қырғыз елдері және Еуропа жұртшылығына әлдеқайда танымал болғандығы ащы болса да шындық.

Дегенмен, шебердің ұлттық өнерімізге сіңірген еңбегін ұлықтау үшін бұл аздық етеді. Сондықтан, Баянауыл ауданына қарасты Торайғыр ауылындағы мәдениет үйіне Қамар Қасымұлының есімін берсе деген арманға ерік бердік. Мен аспаптанушы Зәбира Сыпатайқызымен арнайы жүздесіп, көптеген тарихи материалдар жинап, оның пікірін де алдым. «Жергілікті мәдениет үйіне ұлт аспаптарын жасаушы, арганолог Қ.Қасымұлының атын беру туралы ұсынысты толық қолдаймын. Себебі, шебердің есімін беру арқылы рухани ошақтың мәртебесі жоғарылап, қазақтың аспапты-музыкалық қолөнерінің қанат жаюына септігін тигізеді», - дейді ол.

Осындай арман жетегімен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д, профессор Ерлан Арынның пікірін білуді жөн көріп, хат жолдаған болатынмын. Ол бұл хатыма дереу жауап беріп, ұсынысымды толық қолдайтынын айтты. Хатта: «Жерім, ділім, дінім деп дүниеден өткен Кереку-Баян өңірінің тағы бір ұлы тұлғасыҚамар Қасымұлының есімін мәдениет үйіне беру туралы ұсынысыңызды қағаз бетіне түсіріп, демеу сұрағаныңызға алғысымды білдіремін. Оған мен де қосыламын», - деп жазылған.

Игі бастамамыз жүзеге асса, жас ұрпақ та оның өнер жолымен кеңірек танысар еді. Шіркін, осы мәдениет ошағында өткен күй, ән өнері байқауларында да оның есімі жаңғырып отырар еді... Биліктегілер қолдау танытып, ауылдағы мәдениет үйі Қамар Қасымов атымен аталса, бұл біздің де ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға қосқан бір үлесіміз болмақ.

Шолпан ӘБІЛҒАЗЫҚЫЗЫ,

зейнеткер-ұстаз.

Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылы.

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31