Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті мен «ХИКМЕТ-ТРЕВЕЛ» қажылық компаниясы «Екі дүние Сардары, адамзаттың Асыл Тәжі – Мұхаммед Пайғамбар өмірі – біз үшін өнеге» атты облыстық әдеби шығармалар байқауын жариялайды. Оны ұйымдастырудағы басты мақсат алдымен, дін тақырыбына қалам тербейтін жас таланттарды анықтау болса, екіншіден, күллі әлем үшін рахмет болып жіберілген, екі дүние Сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың ғибратқа толы өмірін және жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді, ізгілікті насихаттау.
Байқауға Павлодар облысының барлық студенттері мен мектеп оқушылары қатыса алады, қатысушылар саны шектелмеген. Байқауға жіберілген шығарма «Екі дүние сардары, адамзаттың Асыл Тәжі – Мұхаммед Пайғамбар өмірі – біз үшін өнеге» деген тақырыппен жолданады.
Жоғары оқу орындарының студенттері мына тақырыптардың біреуіне ғана жазуы керек:
- «Мұхаммед (ғ.с.) Пайғамбар – жетімдер қамқоршысы»;
- «Тәлімі мінсіз Тәлімгердің Қоштасу құтпасының маңызы»;
- «Қоштасу құтпасы және қазіргі адамзат».
Ал мектеп оқушылары үшін «Менің сүйікті Пайғамбарым – Хазірет Мұхаммед (ғ.с.)!» тақырыбы берілген.
Әр үміткер бір ғана шығарма ұсына алады. Қатысушылар шығармаларын Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінінің Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электронды поштасына жолдайды немесе электронды нұсқасын мешітке әкеліп тапсырады. Байқауға қатысушының өзі туралы ақпарат-хатында автор жайында толық мәлімет (аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, мекенжайы, телефоны, электронды поштасы) болуы керек. Байқауға мәтіні күмәнді болған, ұлтаралық және дінаралық қатынастарға сызат түсіретін, адам құқықтарын таптайтын, ҚР Заңдарына қайшы келетін шығармалар қатыстырылмайды және қарастырылмайды.
Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:
- Жіберілген шығармалар қазақ тілінде болуы керек;
- Берілген тақырыптың біреуін ғана таңдау қажет;
- Шығарма көлемі 3 беттен кем болмауы және 5 беттен аспауы тиіс;
- Байқауға жолданған шығарма төмендегі талаптарға сай болуы керек;
- Word форматында, Times New Roman әріп таспасында, әріп көлемі 12, жолдар арасы 1,5.
2012 жылдың 15 ақпанына дейін байқауға қатысушыларды тіркеу, шығармаларды қабылдау, ұйымдастыру комиссиясының жіберілген шығармалар мәтінімен танысу жұмыстары жүргізіледі. Ал 15 ақпан мен 17 ақпан аралығында ұйымдастыру кеңесінің шешімімен жеңімпаздар анықталады. 19 ақпанда байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері www.pvlmeshit.kz сайтында жарияланып, оларды облыстық деңгейде өтетін Мәуліт мерекесіне шақырып, салтанатты түрде марапатталады.
Бірінші орын алған студентке 50 мың теңге берілсе, үздік атанған оқушыға 30 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ, қалған орындарды иемденген қатысушылар қомақты ақшалай сыйлықтарға ие бола алады.
Қапы қалмаңыздар! Шығармалары-ңызды 15 ақпанға дейін жолдаңыздар!
Ұйымдастыру комитеті.

