ҰЛЫ АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ

     Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына орай ардагерлер үйінде «Абай тағылымы» атты әдеби шығармашылық кеш өтті. Оған мектеп оқушылары, қала тұрғындары қатысты.

     Тағылымы мол шара барысында қала әкімінің орынбасары Ержан Рахымжанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов, халық ағарту ісінің үздігі Сайрангүл Құсайынова данагөй ақынның шығармашылығына тоқталып, өлеңдерінің жас ұрпаққа беретін тәлімі мол екендігін айтты. Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдың тұрғыны, ақын  Д.Әміреұлы Абай арнаған жыр шумақтарын оқыды. Бұл кешке қатысқан жасөспірімдер де өлеңдерін оқып берді.

     Әдеби шығармашылық кешті қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Е.Рахымжанов келген қонақтардың бірқатарына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кітабын сыйға тартты.

Шәмшат Жүнісқали,

Ақсу қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31