Тағылымы мол рухани кеш

Екібастұз қалалық «Өнер» мәдениет орталығында Ораза айт мерекесіне орай Екібастұз орталық мешітінің ұйымдастыруымен рухани кеш өтті. Тағылымды кеште Екібастұз орталық мешітінің бас имамы Әбілхан қажы Балтаұлы жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, жиналғандарға бақ-береке тіледі.

 

Имандылық кешіне республикаға танымал айтыскер ақындар Арман Бердалин мен Қуаныш Шарманов, дәстүрлі әндерді орындаудың шебері Аманкелді Қожанов қатысты. Сондай-ақ, «Мұрагер» балалар пансионатының шәкірттері діни өлеңдер оқып, Алланың хақтығы, Ислам дінінің құдыреті жайлы әндер мен термелердің тиегін ағытты. Жергілікті күйші Серік Сыздқовтың, «Жансері» дуэтінің және әнші-термеші Бәкір Әбдиевтің де өнерлері қазақтың рухын оятарлық өнегелі әуен-жырларға толы болды.

Ардақты Ислам дінінің адамзат баласына отансүйгіштікті дәріптеп, тіліміз бен туған жерімізді құрметтеуде үйретері мол. Мәселен, Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Отанды сүюиманнан», Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біздің елімізтүрік, дінімізислам, кітабымызҚұран. Олай болса, Исламды насихаттай беруіміз керек» және «Саясат күнде өзгереді, ал дін мәңгілік» деген сөздерінде мол мағына жатыр. Қазіргі таңда Ислам дінінде санамыз бен ділімізге жат әртүрлі ағымдар пайда болып жатыр. Бұл ретте, жамағатты дұрыс жолға шықырып, ақ пен қараны айыруға мүмкіндік беретін рухани кештердің алатын орны ерекше. Біздің қаламызда өткен имандылық кешінің де жұртшылыққа, әсіресе жастар қауымына берер тағылымы көп болды. Рухани кештер арқылы жастарды дәстүрлі діндердің тереңіне үңілте білсек, бұл оларды болашақта кері ықпалды секталардан сақтауға игі әсерін тигізері сөзсіз.

Ж.ӘБДІКӘРІМ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30