Kымбатты жерлестер!
Сіздерді қасиетті әрі жарқын мереке – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Барша мұсылмандардың ұлы мерекесі Құрбан айт православтардың Рождествосы секілді мемлекеттік мереке ретінде бекітілді. Бүгінде ұлтына және діни сеніміне қарамастан, бұл мерекені еліміздің барлық тұрғындары атап өтеді. Соның арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты беделге қол жеткізіп, тұрақтылық орнаған әрі гүлденген мемлекетке айналды.
Мұның бәрі - біздің мемлекетіміздің Басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең де көреген, салмақты да салиқалы саясатының игі нәтижесі.
Құрбан айт ғасырлар бойы рухани-адамгершілік сапаның жоғары деңгейін маңсұқ етіп келеді, ол – қайырымдылық, мейірімділік және сүйіспеншілік. Біз, павлодарлықтар, ата-бабалардың жарқын дәстүрін жалғастыра отырып, жыл сайын Ұлы мерекені бейбітшілікте және өзара келісімде қарсы аламыз. Біздің дұғаларымызда туған еліміздің одан әрі гүлденуіне деген тілегіміз естіледі. Осы жолда біздің әрқайсымыз ойларымыз бен істерімізде жақынға деген құрметімізді, ізеттілігімізді көрсетеміз. Бұл – біздің этноконфессионалды ортақ құндылықтарымыз.
Биылғы жылғы Құрбан айт біздің еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғаның - ЕҚЫҰ Саммитінің қарсаңында келіп отыр. Бұл Қазақстан өз саясатында сенім, дәстүр, транспаренттілік және толеранттылық секілді басты принциптерге иек артатындығын күллі әлемге айшықтайтын жиын болмақ.
Мұсылмандардың ұлы мерекесі алдағы уақыттарда адамдарды рухани тұрғыда жақындастыруға, біздің басты байлығымыз - өзара келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына, нығаюына ықпал ете беретіні сөзсіз.
Құрметті павлодарлықтар! Осынау жарқын мерекеде баршаларыңызға шын жүректен зор бақыт, мықты денсаулық, әр бастамаларыңызға баяндылық және өсіп-өркендеу тілеймін. Құрбан айт Сіздердің отбасыларыңызға береке мен молшылық әкелсін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Бақытжан САҒЫНТАЕВ,
Павлодар облысының әкімі.

