АЙРЫҚША ТОЙЛАНУДА

Құрбан айт мейрамы мемлекеттік мерекеге айналғалы халық та бұл күннің қадір-қасиетін тереңірек сезіне түскендей. Мұны мешітке ағылушы жамағаттың қатарынан да аңғару қиын емес. Екібастұз қаласында 16 қараша күні Айт намазын оқуға барған жамағат мешітке сыймай кетті. Садақа салып, Құран оқытуды ниет еткен жұртшылыққа мешітке кезек күтіп кіруге тура келді. Таң намазынан кейін қасиетті Құран оқылды. Таңертеңгі сағат 8.30-дан бастап бас имам Әбілхан қажы Балтаұлы имандылық уағыздарын айтты. Бұдан кейін жұртшылыққа айт намаздарының оқылу тәртібі түсіндірілді.

Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняктің жаңа қызметтегі алғашқы қадамының Алла үйінен басталғанын да көпшілік жақсы ырымға жоруда. Александр Федорович мұсылман қауымды қасиетті мерекемен екі тілде құттықтап, бейбітшілік, бақ-береке тіледі.

Айт намазынан соң жамағат қала тұрғыны Рымжан қажының Құрбан айтқа арнайы жайған құрмалдық дастарқанына шақырылды. Сондай-ақ бұл күні айттың құрметіне кәсіпкер Серік Сәдуақасов есімді азамат та мешітте айт дастарқанын жайды.

Биылғы Құрбан айттағы бір ерекшелік - Үкімет басшысының желтоқсан айындағы Жарлығына сәйкес, құрбандық шалу рәсімі арнайы қасапханаларда жүзеге асырылуы. Бұл жағынан екібастұздықтар жергілікті ет ұқсату комбинатының көмегіне жүгінді. Мал соятын орындағы қызмет Айт мерекесі күндері тегін жүргізілуде. Малды сойып, етін бөлу де арнайы мамандарға жүктелген. Ал құрбандық шалар алдында бата беру, малдың шариғатқа сай сойылуын қадағалау - мешіттен бөлінген қызметкерлердің еншісінде.

16 қараша күні, сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан қабірстанға кісі тасымалдауға екі автобус бөлініп, жұртшылыққа ескі және жаңа зиратқа барып қайтуға мүмкіндік жасалды.

Ж.ҚАДЫРОВА,

Екібастұз қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30