МҰХАРРАМ АЙЫ – ЖЫЛ БАСЫ

Мұхаррамһижра жыл санауы бойынша жаңа жылдың бірінші айы. Бұл - ұрыс-жанжал, қан төгу секілді әрекеттер харам етілген қасиетті төрт айдың бірі. Мұхаррам айының қадір-қасиеті жөнінде қасиетті Құранның аяттарында және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис шарифтерінде кеңінен баяндалған. Қасиетті Құранда Аллаһ Тағала: «Расында Аллаһ қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін»,-дегенТәубе» сүресі,36-аят).

Аллаһ елшісі (с.ғ.с) хадисінде: «Бұл қасиетті айларда жақсылық көбейеді. Аллаһ Тағала пендесінің иманына қуат береді. Бұл күндерде құлшылық ету және ораза ұстау арқылы сіз де Аллаһтың рахметіне бөленіңіз»,- десе, ендігі бір хадисінде: «Бір кісі осы қасиетті айлардың бейсенбі, жұма, сенбі күндерінде ораза ұстаса, Аллаһ Тағала ол кісінің барша күнәларын кешіреді»,- деп Мұхаррам айында ораза ұстаудың артықшылығын баян еткен.

Мұхаррам айының оныншы күніАшура күні. Ашура арабтың сөзі. Тілдік мағынасы «оныншы» яғни, Мұхаррам айының оныншы күні дегенді білдіреді. Бұл күні өте көп оқиғалар болған. Сол себепті де біз бұл күнге көбірек мән беруіміз керек.

Әбу Ләйс Самарқанди Ашура күні болған оқиғаларды былайша тізбектейді:

1. Жер мен көктің жаратылуы;

2. Адам атаның (а.с) тәубелерінің қабыл етілуі;

3. Мұсаның (а.с) Перғауын зұлымдығынан құтылуы және Перғауынның өлімі;

4. Ибраһим пайғамбардың (а.с) туылуы;

5. Аюбтың (а.с) кеселінен айығуы;

6. Жүністің (а.с) балық қарнынан аман шығуы;

7. Сүлейменге (а.с) салтанат берілуі;

8. Нұһтың (а.с) кемеден түсуі;

9. Хазретті Хусейіннің өлтірілуі.

Мұхаррам хижра жыл санағы бойынша биыл 7-желтоқсан, сейсенбі күніне сәйкес келеді.

АШУРА КҮНІНІҢ САУАБЫ

Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім Мұхаррам айының оныншы күні, яғни Ашура күні отбасына және жағдайы жоқ кедей-кепшіктерге жеңілдік пен кеңшілік жасаса, Аллаһ Тағала ол кісіге жыл бойы жеңілдік және кеңшілік жасайды»,- деген. Ислам - ізгілік пен әділет және мейірімшапағат діні. Сондықтан да дініміз Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірген жандарды мұқтаждарға, жетім-жесірлерге қамқорлық және қайырымдылық жасауға бұйырады. Мұндай игі де, сауабы мол ғибадатқа аса көңіл аударады. Мұны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына бір хадисінен көруге болады. «Кім жетімнің басын сипаса, Аллаһ Тағала әрбір шашының талы үшін жақсылықтар жазады. Кім Ашура күні ораза ұстаған бір момынның аузын аштырса, барлық Мұхаммед (с.ғ.с) үмметінің ауыз аштырғанның сауабын алады»,-деп үмметін құлшылыққа шақырады.

Ашура сөзінің мағынасы - Мұхаррам айының оныншы күні дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) « Ашура күнінде тұтқан оразаның қандай пайдасы бар?-деп сұрағанда, Расулуллаһ: «Ашура күні тұтқан ораза өткен бір жылғы істелген күнәларды кешіруге себеп болады», - деп жауап берді.

АШУРА КҮНІ ЖАСАЙТЫН ЖАҚСЫ АМАЛДАР:

1. Тілді жаман сөзден сақтау;

2. Садақа беру;

3. Мұсылмандар бір-бірін разы ету;

4. Құранды көп оқу;

5. Науқастың көңілін сұрау;

6. Ташбих тарту;

7. Нәфіл намаз оқу;

8. Тахажжуд намазына тұру;

9. Күнә жұмыстардан алыс болу;

10. Жетім-жесірлерге көмек көрсету;

11. Ораза ұстау.

«Ақ мешіттің» баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31