Шағба айының қасиеті

 

      Аллаһ Тағала бұл қасиетті кеште әрбір мұсылманның жыл бойғы тағдырын айқындайды. Сол себепті әр мүмин өз дұға-тілектерінде Аллаһтан тек жақсылық тілеуі тиіс.
      Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан – менің үмбетімнің айы» - деп айтады. Қасиетті айлар туралы біздер Пайғамбарымыздың өнегелі хадисінен ғана түсіне аламыз. Ғасырлар бойы насихатталып келген бұл хадис өз құңдылығын арттырмаса жоғалтқан емес. Иә, Жаратушы иеміз Аллаһ Тағала өзінің құлдарын ерекше сауабына және мол рахымына бөлеу үшін осындай қасиетті айларды бір-бірімен байланыстырған. Сондай айлардың бірі - Шағбан айы. Пайғамбарымыздың толығымен ораза ұстаған айы Рамазан айы еді.

    Ал көп ораза ұстайтын айы- Шағбан айы еді» (Бухари, Муслим). Бір күні Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) «Я, Расулуллаһ, мен Сіздің осы Шағбан айы секілді ораза ұстап, ауыз бекіткеніңізді көрген жоқпын, оның себебі неде?» - деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бұл Рамазан айы мен Ережеп айының арасында ай көп. Адамдар ол айды тастап кетеді. Ол айда Аллаһ Тағалаға жұмыстарымыз көтеріледі. Мен ораза ұстау арқылы, сауапты болған жұмыстарым көтерілгенді жақсы көремін», - деп жауап берді. (Нисаи). Сондықтан осы Шағбан айында көп ораза ұстап, көп сауапты жұмыс істеуге тырысуымыз қажет. Келесі бір хадисте: «Кімде кім Аллаһ ризалығы үшін бір күн ораза ұстаса, Аллаһ Тағала оның бетін тозақ отынан жетпіс жыл қашықтыққа алыстатады»,-деген. Жалпы Аллаһ Тағалаға құлшылық жасау мешітке келіп, марқұмдардың артынан құран оқытумен шектелмейді. Демек намаз, ораза, зекет, қажылық парызын орындау үлкен құлшылық болып есептеледі. 

    Адам баласы осы дүниеде байлықты, бала-шағасы бақытты болғанды аңсайды. Яғни осы бақыт пен байлық Аллаһтың құзырында. Дана халқымыз: «Құдай деген құр қалмайды», - деген. Адам еңбектену, Аллаһқа құлшылық ету арқылы жақсылыққа жете алады. Сондықтан әлі де намазға жығылмасақ та, ораза ұстауға ниет білдірейік, құрметті ағайын. Ораза адамның иманын күшейтеді, жаман әдеттерден алыстады, өз нәпсісін тәрбиелейді, ақыретте тозақ отынан сақтайды, күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Мүбәрак үш айдың бірі Шағбан айының он бесінші түнін қасиетті түн ретінде мұсылмандар жыл сайын ерекше атап өтеді. Ол - Барат түні. Бұл түнді Ислам ғұламалары «Мүбәрак», «кешірім», «сақ» (кешірім, пәрмен, рахым) секілді атаулармен атайды. Шағбан айының он бесінші жұлдызы туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мынадай хадис шарифі бар: «Шағбан айының жартысы болған кездегі түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңіз.

    Күндіз ауыз бекітіңіз. Өйткені Аллаһ Тағала күн ұясына батқан шақта, жер бетіне шуағын түсіріп: «Кешірім тілеуші бар ма екен, кешірейін. Рызық сұраған бар ма екен, оған рызық берейін. Ауру- сырқауға ұшыраған бар ма екен, оған шипа етейін. Бар ма екен, бар ма екен, бар ма екен деп таң атқанша дейін жалғастырады». Деректерде бұл түннің кешірім тілеу түні екендігімен қоса Пайғамбарымызға (с.ғ.с) толықтай шапағат ету құқы берілгендігі айтылады.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31