Пайғамбарымыздың Қадір түнінен кейін көп тоқталған түні Барат түні. Барат түні- Құран Кәрімнің Ләухул мағфуздан дүниенің көгіне түсірілген түні. Ал Қадір түнінде Пайғамбарымызға Құран аяттары алғаш рет бөлек-бөлек түрде түсіріле бастаған. Осы түні баршаның тағдыр бағдарламасы сызылып, періштелерге тапсырылады. Пайғамбарымыз Барат түні туралы былай дейді: «Шағбанның он бесінші түні келген кезде түнді ғибадатпен, күндізді оразамен өткіз. Сол түні күн батқаннан кейін Аллаһ дүниенің көгіне көрініс беріп, былай дейді: «Кешірілгісі келген адам жоқ па, кешірейін. Рызық қалайтын адам жоқпа, рызық берейін. Басына қиындық келген адам жоқ па, дереу саулық пен амандық берейін». Бұл жағдай осылайша таң ағарғанша дейін жалғасады».
Барат кешінің қасиеттері.
Жебрейіл (ғ.с) субх уақытында келіп былай деді: Аллаһ Тағала үмметтеріңіздің үштен бірін күнәләрінан кешіріп, тозақтан алыстатады. Мен жылап: Я, Жебрейіл (ғ.с) Қалған үмметтерімнің ахуалы не болады, хабар бер,- дедім. Жәбрәйіл (ғ.с): Білмеймін, - деді. Шағбан айының он төртінші күні келіп: Я, Расулуллаһ! Бұл түні таһажжудтан кейін Аллаһ Тағаладан үмметтеріңіздің мақсатын тілеңіз, -деді. Содан кейін мен Аллаһ Тағаланың әміріменен үмметтерімнің ақысына дұға жасадым. Жебрейіл (ғ.с) келіп: Я, Расуллаллаһ! Үмметтеріңіздің қалған үштен екісіне кешірім жасады. Мен тағы жылап: Үмметтерімнің қалғаны не болады? – деп сұрадым. Жебрейіл (ғ.с): Білмеймін, деді. Шағбан айының он бесінші түні Жебрейіл (ғ.с) келіп: Я, Расулуллаһ! Бұл кеш- Барат түні. Аллаһ Тағала өзіне серік қосқандардан, сиқыршылықтардан, арақ ішушілерден, зинақорлардан, парақорлардан, ата-анасына қарсы болғандардан, сөз тасығандардан басқасына кешірім жасады,-деді. Содан соң Жебрейіл (ғ.с): Я, Расулуллаһ! Басыңызды көтеріп, аспанға қараңыз,-деді. Басымды көтеріп, аспанға қарасам, жеті қат аспан есіктері айқара ашылып, бірінші аспаннан аршил ғазимға дейін періштелер сәжде жасап, Аллаһ Тағаладан менің үмметтерім үшін мағфират сұрап жатқан еді. Бұл түнде қаза намаздар оқылады, дұға етіледі, Құран оқылады, Пайғамбарымызға салауат айтылады, жоқ-жітіктерге көмек беріледі.
Шағбан айында жасайтын сауапты жұмыстар:
1. Жағдайымыз келгенше көп ораза ұстау.
2. Құран оқу.
3. Аллаһқа зікір айту.
4. Жетім-жесірлерге, дін жолында жүрген шәкірттерге зекет-садақа беру.
5. Ғайбат, өтірік айту, арақ-шараптан, зұлымдықтан, жалпы күнә жұмыстардан алыс болу. Жамандыққа бармау.
6. Діни білім үйрену. Құран, хадис, діни кітап, газет-журналдарды оқу.
7. Өзіміздің мінез-құлқымызды тәрбиелеу.
8. Аллаһ Тағаладан жақсы дұға тілеу.
9. Әке-шешенің тілін алып, оларды құрметтеу.

