МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Өткен аптада Естай атындағы Павлодар қалалық мәдениет сарайында барша мұсылман қауымның ұлық мерекесі - Мәуліт  аталып өтті. Танымдық кешке облыстың дін істері жөніндегі департамент бастығы Дәулет Зәкариянов және  қаладағы мешіттердің имамдары мен тұрғындары қатысты.

 

Мәдениет сарайының концерт залына лық толған көрермендер жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалап, Хазіреті Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өмірі жайлы бейне көріністі тамашалады. Жиналған жұртшылық айтыскер  ақын Қуаныш Шармановтың орындауындағы «Пайғамбар» өлеңін ыстық ықыласпен қабылдады. Сондай-ақ, қаламыздағы «Мұрагер» пансионаты шәкірттерінің орындауындағы діни өлеңдер көрермендерді ерекше күйге бөледі. №10 Абай атындағы лицей- мектебінің оқушылары қазақ жеріне Ислам дінін дәріптеуші тұлғалардың бірі - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы діни сарындағы өлеңдерді жатқа оқыды. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағала, адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы Мұхамед (с.ғ.с.) туралы, асыл дініміз Ислам жайлы танымдық өлең-жырлар айтылды. Шарада облыс орталығындағы мешіттерге үнемі қолдау көрсететін азаматтардың есімдері аталып өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің деканы Жақсыбай Сарбалаев білім ордасының атынан Мәшһүр Жүсіп орталық мешітіне кітаптар табыс етті. Тәлім мен тәрбиеге толы танымдық кеш павлодарлықтардың есінде сақталары анық.

 

Е.ҚАЙРАТҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31