ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕШ

 

Жуырда Екібастұз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы» деген тақырыпта Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті. «Өнер» мәдениет сарайында өткен шараға халық көп жиналды. Мәуліт кешіне атақты Біржан сал мен Ақан сері дүниеге келген Көкшетау топырағынан түлеп ұшқан республикаға танымал айтыскер ақын Арман Бердалин, Ертістің Павлодар өңіріне белгілі ақын Қуаныш Шарманов бастаған өнерсүйер қауым қатысты.

 

Қала мешітінің азаншысы Қ.Түсіпбекұлы қасиетті Құран аяттарын оқығаннан кейін Мәуліт шәріп айтылды. Кешті А.Бердалин арнаумен ашып, барша екібастұздықтарды мұсылмандардың ұлық мерекесімен құттықтады. Ол сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмір жолы туралы айтып, отбасы, жастар турасында мазмұңды әңгіме қозғады. Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Әбілхан Балтаұлы кешке қатысушыларға Мәуліт мерекесінің мәні мен мазмұны туралы баяндады. Бас имам асыл дініміздің көркеюіне, мешіт жұмысының жандануына көмек қолын созып жүрген жергілікті азаматтарға ризашылығын білдірді. Шарада Алла үйіне үнемі қамқорлық жасап жүрген Екібастұз қаласының атпал азаматтары Қанат Ибраев, Серік Сәдуақасов, ағайынды Тасболат, Бекболат Әбғужиновтар мен «Нарық» базарының директоры Тамара Байханованың дінді өркендету үшін жасап жатқан өнегелі істері тілге тиек етілді. Кеште Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғұбайдолла Оспанқұлов  сөз алып, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін ақтарды.

Кештің басты ерекшелігімәдениет үйінің мәжіліс залында Ақшам намазы оқылды. Жиналған жұртшылық намазға тұрып, Алла Тағалаға мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтты.  Шарада «Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың елшісі» фильмінен үзінділер беріліп, Ислам дінінің тарихы жайлы қойылымдар көрсетілді. Мәуліт кешінде облыс орталығындағы «Мұрагер» пансионаты шәкірттерінің орындауындағы діни салауаттар көпшілік көңілінен шықты. Зейнеткер ұстаз Жеңіс Мейірманның басшылығымен «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары мен Ақкөл ауылындағы мешіттің шәкірттері дайындаған діни өлеңдер мен хадистер өте тартымды болды. Сондай-ақ, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры әртістерінің адалдық, ата-анаға құрмет жайлы қойылымдары көрермен жүрегіне жол тартты. «ОлМұхаммед пайғамбаратты терме орындаған Қуаныш Шарманов халықтың ыстық ықыласына бөленді. «Қазақ пен арақ» толғауы арқылы жұртшылықтың алғысына бөленген Арман Бердалин дінге бет бұрған жастарға үлгі-өнеге боларлықтай танымды әңгімелер қозғады.

Көпшілік Мәуліт мерекесін ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, ізгі тілектерін жолдады. Мерекеден тартымды әсер алған мұсылман қауымы келер жылғы Мәуліт мерекесінде аман-саулықта көрісуді тілеп тарқасты.

 

Көкенай МҰСТАҒҰЛОВ,

                                                                                              зейнеткер, Екібастұз қаласы.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31