ДӘРЕТ АЛУДЫҢ КЕРЕМЕТІ

Бүгінде  өркениетте өміршең етіліп жатқан талай  жаңалықтар осыдан 15 ғасыр бұрынғы қасиетті Құран Кәрімнен табылып, мезгіл өткен сайын адамзатты таң қалдыруда. Соның бірі - мешітке кірерде немесе намаз алдында тазалану болып табылатын дәрет алудың кереметі. Бұл орайда кейінгі кезде ғаламтор мен мұсылман басылымдарында жарқ еткен мына бір жайтқа назар аударайық.

 

Қазіргі таңда әлемде ең озық медицина ретінде танылған шығыс медицинасы, яғни қытай медицинасының емдеу тәсілінде адам ағзасында 700-ден астам биологиялық белсенді нүкте белгіленеді екен. Мұның 66-сы аса белсенді, маңызды нүктелер қатарына жатса керек. Сол ерекше нүктелердің 61-і мұсылмандықта бекітілген дәрет алатын дене мүшелерінде орналасқан. Қалған 5-уі тобық пен тізенің арасында екен. Ал осы аралықты жуып, таза ұстау - шариғат заңы бойынша сүннет. Және дәрет аларда адам ең алдымен іштей ниет етіп, психологиялық тұрғыда дайындалып, жанын тыныштандыратынын ескерейік. Сонда бір рет толық дәрет алғанда, аяғын тізеге дейін жуғанда барлық               66 биологиялық маңызды нүктелерге гидромассаж жасайды екен. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидің «Дін - ғылымның атасы» деген өлең жолдары осындайдан айтылса керек.

Дәрет алған кезде дене мүшелерін рет-ретімен жуудың өзі де денсаулыққа аса пайдалы. Қолды білекке дейін жуу - жүректі тыныштандырып, қан айналымын реттейді. Зәр шығару мүшелерінің қызметін дұрыстап,  өкпенің жұмысын жақсартады.

Ал бетті жуу асқазанды, ішекті, несеп жолдарының қызметін қуаттандырып, жүйкені тыныштандырады.

Құлақтың айналасында 100-ден астам биологиялық белсенді нүктелер орналасса керек. Құлақ ішін тазалау,  сыртын сипау әлгі нүктелердің белсенділігін сөзсіз арттырады.Ол жуылғанда  ағзаның бүкіл ішкі мүшелері қалыпқа келіп, қан қысымы төмендеп, тіс ауруы басылса керек. Сондай-ақ, медицинада құлақ «адам денесінің басқарушысы» деп айтылады.

Оң аяқты жуу ішек, жүйке, асқазан, өт пен ұйқы бездерінің және т.б. мүшелердің биологиялық белсенді нүктелеріне игі әсер етеді.

Сол аяқты жуғанда  ми қызметі, бойды өсіру мен ішкі секреция  бездерінің  жұмысы жақсарады екен.

Міне, ислам дінінің тағы бір кереметі, оның біздің барша өмірімізбен, ағзамызбен үйлесіп жатуында.  Қазақ «дінді білмеген дымды білмейді» дейді. Расында осы сөзде көп мән бар.

 

Ж.ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30