...Мүсірке жетім-жесірді,
Құранды көпке уағызда.
Өмірдің шынайы мән-мағынасы тек Құранда ғана анық баяндалған. Поэтикалық сипатта бейнеленген керемет ұлы дүние – Құран.
А.С.Пушкин.
Ислам дінінің бас кітабы – Құран шығыс халықтарының рухани және қоғамдық дамуына ықпал ету ауқымы жөнінен бүкіладамзаттық мұра болып табылады.
П.А.Грязневич.
Құран ең жоғары, ең пайдалы, ең шынайы пікірлерді қамтиды.
У.Ивринг.
Құранды зерттеген сайын оның аса толықтығы және қасиеттілігін аңғарамыз. Алдымен адамзатты қызықтырып өзіне қарай тартқан Құран одан кейін таң қалдырады, өзіне әбден баурап алады. Өзін адамзатқа құрметті еттіреді және осы қалпымен үнемі өзіне тарта береді.
Г.Эдмонд.
Құран үйреткен негіздерде ешбір кемшілік жоқ. Адамгершіліктің бүкіл қағидаларын Құраннан артық дамытуға, ілгерілетіп жетілдіруге болмайды.
И.Гете.
Мұсылмандық – дүниенің ұйытқысы болған дін. Бұл діннің қайнар көзі -Құран. Ал Құран болса - әлем мәдениетінің негізгі іргетасы. Егер мұсылмандық жер жүзінен жойылар болса, дүние шайқалып кетер еді.
Ф.Гастонкар.

