Қасиетті Құран Кәрім кітабы уақыт өтіп, заман жаңарған сайын адамзат әлемін таң қалдырумен келе жатыр. Оның беттерінде тұнып тұрған барша жаратылыстың сырын түсінген сайын дүние жаңа қырынан танылып сала беруде. 15 ғасыр бойы небір ғұламалар мен данышпандар, кемеңгер ғалымдар, ақындар мен жазушылар қасиетті Құранның ішінен титімдей болса да мін таба алмауының өзі оның нағыз Аллаһтан түскен ақиқат кітап екендігін дәлелдеуде. Адамзаттың ойшылы Л.Толстойдың «Саналы адамның ең соңғы аялдайтын жері – ислам діні» дегені осындай таңғажайып мінсіздік пен ақиқатқа көз жеткендіктен болса керек.
Құран Кәрімді дұрыс оқып, оның мағынасын түсіну әр мұсылман үшін парыз екендігі белгілі. Ал оны толық түсіну үшін кем дегенде бірер жыл медреседе білім алып немесе арнайы курстардан өтуіміз керек болатын. Енді сіз адамзаттың қасиетті кітабын үйде отырып-ақ оқып, мағынасын түсіне алуыңызға мүмкіндік бар. Олай дейтініміз, күн санап қарыштаған ғылым мен технология Құранның кез-келген жерін қатесіз оқып, мағынасын түсіндіріп, аударып беретін қари (Құранды жатқа білу) қаламды ойлап тапты. Бұл ерекше құралдың бағдарламасында қазақ, ағылшын, орыс, ұйғыр, өзбек тілдері бойынша Құран кітабының толық мағынасы енгізілген. Сондай-ақ, араб әліпбиін қаріптеп, буындап оқып, бірге берілетін сүрелер тізімі кітапшасынан олардың кез-келгенін нұсқасаңыз болғаны, ерекше ырғақпен, әуезді дауыспен оқып береді. Көрші Қытай елінің технологиясы арқылы жасалған электронды Құран әлемдегі мұсылман қауымының қызығушылығын тудырып отыр. Сондай-ақ, бүгінде ол еліміздегі кітап дүкендері мен мешіттерде де сатыла бастады. Қари қаламды Құранды алып, қолданып жатқан бауырларымыз да бар болса керек. Құны 13 мың теңге тұрады. Қасиетті кітапты үйде отырып-ақ оқып үйреніп, және өзгелерге ұқтырып, сауапқа кенелуіңізге зор мүмкіндік деген осы.

