Қасиетті Құран Кәрім аяттары
«Әй мүміндер! Арақ (алкогольді ішімдік), құмар, тігілген тастар және бал ашатын оқтар - лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыласыңдар. Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?» (Бақара сүресі 90-91 аяттар)
«Олардың көбі күнәда, дұшпандықта және харам жеуде бір-бірімен жарысқандарын көресің. Олардың істеген істері неткен жаман». (Мәйдә сүресі 62 аят).
«Мас қылатын барлық ішімдік харам». (Яғни құрамында спирт болған қандай да болсын ішімдіктен аз ғана ішсе де, арақ ішкен сияқты үлкен күнәға батады.)
Нақыл сөздер
Абай: «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, не жақсы, не жаманды білмейді».
Аристотель: «Мас болу - өз еркіңмен жындану».
Пифагор: «Мас болу – ақылдан адасуға жаттығу».
Арақ - әзәзіл жау
Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен.
Байырғы Қытай императорлары маскүнемдікке бой ұрғандарды өлім жазасына кескен.
Көне Грекияда ішкіштерге жұрт алдында қайнап тұрған шарапты ішкізген.
Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған.
Үндістанда маскүнемдерге сиырдың қайнап тұрған зәрін ішкізіп өлтірген.
Англияда арақ ішкендерді мойнына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерімен жүргізген.
Ресейде I Петр тұсында арақ ішкендердің мойындарына салмағы 17 пұт келетін медаль тағып қойған.
Америкада 1885 жылы «Құрғақ қасық» заңы енгізілген.

