АРУАҚТЫ СЫЙЛАСАҢ ДА, СЫЙЫН БА!

 

Ислам дінінде Жаратушы құдірет біреу ғана. Оған серік қосу - ең ауыр әрі кешірілмейтін күнә. Ислам - ата-бабамыздың көп ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан дін.

Кейінгі уақытта біздің бабаларымыздың аруаққа сыйынғаны, одан жәрдем тілегені туралы айтушылар пайда болды. Бұл - сөзсіз қате пікір. Қазақта: «Аруақ шақырып жауға шапты» деген сөз бар. Сондай-ақ, «жан ұшыра, жан шақыра ұмтылды», «аруақты ер, рухты батыр»,- деп те жатады. Бұл жердегі сөздің мағынасына назар аударғанымыз жөн. Жоғарыда айтылған «аруақ шақыра, жан шақыра» дегеніміз намыстану, рухтану, жігерленіп, қаһарлану мағынасында айтылып отыр. Аруақты, рухты деп отырғаны - оның намысы мен жігері, өрлігі. Ал бабаларымыз «Абылайлап», «Жаубасарлап» жауға шауып жатса, бұл оның намысын қайрап, жау жігерін жасыту, сондай-ақ,  көпшілікті рухтандыра түсу мақсатында айтылған ұран ғана. Қазақ ру-тайпаларының әрқайсысында өз ұраны мен таңбасы болғаны белгілі. Мәселен, «Еркөкше», «Жаубасар», «Ерқосай», «Майбасар» деген секілді ұрандар - кезінде ел-жұрты үшін қан төккен қаһарман, баһадүрлердің есімі. Бұл - олардан көмек тілеу емес, керісінше, солардың тіккен туын көтеру, намысын құлатпау. Егеменді ел болғанда да Әнұранымыз бекітіліп, байрақты жеңістер мен мейрамдарда ұдайы шырқалып келеді емес пе?!.

Аруақ – жалған өмірде барлығымыз секілді тіршілік етіп, өз күнәсі мен сауабы үшін жауап беруші, бұл дүниеден өткен адам. Оларға біз емес, олар біздің  бағыштаған дұғамызға мұқтаж. 

Ал кешегі әйгілі Құнанбай қажының, ғұлама Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, Мәшһүр Жүсіптің шығармалары мен өмір жолынан аруаққа сыйыну турасында ешбір дерек жоқ. Сөйте тұра, мұндай ауыр күнәні бабаларымызға артамыз, «ата тегіміз аруаққа табынған»,- деп жатамыз.

Асыл дінімізде аруақты, жалпы адамзатты құрметтеу бар. Ал табыну мен жәрдем тілеу - анық адасу болып табылады. Мына бір жайтқа назар аударыңыз.

Мүбарак есімді жігіт жақында бір ақсақалға жолыққанын айтып берді. Біраз жасқа келген қарт қолына кітап ұстап отыр екен. Мұның қандай кітап екенін білмек болған жігітке қария «Құран» деп жауап беріпті. Кітапты сұрап қолына алған Мүбарак кітаптың сыртында «Киелі кітап» деп жазылып тұрғанын, оны діннен хабарсыз қарияның «Құран» деп танып отырғанын көріп таң қалыпты. Ақсақалға бұл кітаптың Құран Кәрім емес екендігін түсіндіріпті. Әңгіме барысында қария «Балам, қазақ ата-баба аруағынан жәрдем тілеген» деген ой айтады. Бұған уәж айтпақ болған жігітке «Сендер кімді түзетпексіңдер?! Қазақ аруаққа сыйынған!» деп дүрсе қоя беріпті. Мұндай көрініс бүгінгі қоғамда аз емес. Қолындағы  қандай кітап екенін білмей отырған ақсақал, сонау ғасырлар қойнауында жатқан бабаларын қайдан біледі дерсің, мұндайда. Өз бойындағы кемшілікті ата-бабамызға жабу - біздің болмысымызға әбден сіңіп қалған  көрсоқырлық. Әйтпегенде, «қазақ жалқау болған», «қазақ кешігіп жүрген», «қазақ қараңғы болған», «қазақ шала дінді, дүмше болған»   деген секілді сөздерді өзіміз-өзімізге айтамыз ба?!

Ж.ТОЙШЫБАЙТЕГІ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31