ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА (С.Ғ.С.) ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ПІКІРЛЕРІ

 

Біздер, Еуропа халықтары, мәдениетіміз айрықша дамығанмен, хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ұлылығының ең төменгі сатысында тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес.

Иоганн фон ГЕТЕ,

ақын.

 

Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.)! Сенің ғасырыңда тумағаныма қатты өкінемін... Адамзат сен сияқты ерекше тұлғаны бір-ақ рет көрді, бұдан кейін көре алмайды. Мен сенің алдыңда құрметпен бас иемін.

Отто фон БИСМАРК,

князь, саясаткер,

мемлекет қайраткері,

Германияның тұңғыш канцлері.

 

Егер қазіргі әлемді басқару хұқы Мұхаммед (с.ғ.с.) секілді бір адамға берілетін болса, ол барлық мәселелерді майдан қыл суырғандай етіп оп-оңай шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық пен бақыт әкелер еді. Мен Еуропаның ертең Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дінін қабылдайтынын болжаймын, тіпті, Еуропа оның дінін қазірдің өзінде қабылдай бастады.

Джордж Бернард ШОУ,

жазушы, драматург.

 

Ұлылардың ұлылығы немен өлшенсе онымен өлшенсін, бірақ хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ұлылығынан ұлы әлемде пенде жоқ.

Альфонс де ЛАМАРТИН,

ақын, қоғам қайраткері.

 

Егер дүниеде халықты дін қағидаларымен соңынан ерте білген біреу болса, ол – Мұхаммед (с.ғ.с.). Ол ешқашан өзін асыра бағаламайды. Пайғамбар болу еш күмәнсіз оған тән еді. Қазір оның өмірі мен асыл мұратын түсінген кім болса да, оның ұлылығына бас иері сөзсіз...

Анни БЕСАНТ,

Теософ,

Үнді қоғам қайраткері.

 

Әлемде өте ықпалды болған адамдардың тізімінің басына  Мұхаммедті (с.ғ.с.) қоюым, кейбіреулерді таңдандыруы мүмкін. Алайда, тарихта дүниелік әрі діни салада сөзсіз табысқа жеткен адам сол ғана. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) исламға жасаған жеке ықпалы Иса Мәсіх пен Павелдің христиандыққа жасаған ықпалынан әлдеқайда артық. Діни және дүниелік ықпал етудің тарихта теңдессіз бірлесуі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тарихтың ең ықпалды тұлғасы болуына жеткілікті.

Майкл ХАРТ,

Америка оқымыстысы, жазушы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31