Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) хадистері:
Достық, сүйіспеншілік туралы
Адам баласы досының дінінде болады. Сондықтан да, әрқайсысы кіммен дос болып жүргеніне мұқият қарасын.
* * *
Жаным қолында болған Аллаһтың атымен ант етейін! Сендер толық иман келтірмейінше, жұмаққа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер. Ендеше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық сұрауды кеңінен жайыңдар.
* * *
Мына үш қасиетті бойына бірдей жиған адам шынайы иманның дәмін татады: Аллаһты және оның елшісін бәрінен де артық жақсы көру; Біреуді жақсы көрсе, тек қана Аллаһ разылығы үшін жақсы көру; Аллаһ тағала күпірліктен құтқарған соң, қайтадан сол күпірлікке қайтып оралудан отқа түскеннен бетер жаны түршігіп, аза бойы қаза болатын адам.

