ЕРЕЖЕП АЙЫ

Қасиетті ай туралы сөз қозғағанда, бұл мейрам айлардың сыры мен құнын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өмірі мен сұлу сүннетіне қарап ұға аламыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айынан басқа «Ережеп, Шағбан, Мұхаррам, Шәууал» айларында да ауыз бекітіп, ораза ұстап ерекше күйге бөленіп жүретіндігін сахабалардың жеткізген риуаяттарынан біле аламыз. Ережеп айы басталғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп дұға жасағандығы айтылады.

«Аллаһым Ережеп және Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!»

Ережеп сөзі – рәжәб, яғни тағзым, құрмет деген мағына береді. Сондықтан Аллаһ тағаланың айы ережеп – қасиетті болып саналады.

Пайғамбарымыз: «Абайлаңыздар, ережеп Аллаһ Тағаланың айы – кім осы айда ораза ұстаса, Аллаһ тағаланың ризалығын алады. Ережеп айының басқа айлардан үстемдігі Құран Кәрімнің басқа кітаптардан үстемдігі сияқты» деді.

Сәубән р.ғ. әңгімелейді: «Пайғамбарымызбен бірге сапарда келе жатыр едік, бір қабырге жолықтық. Пайғамбарымыз тоқтап, өте қатты жылады. Сосын қолын жайып дұға қылды. Болғасын маған қарап: «Ей Сәубән! Мынау қабырде жатқандар азап шегіп жатыр, мен оларға дұға еттім, азаптары жеңілдеді. Егер бұлар ережеп айында бір күн ораза ұстаса, не болмаса ережеп айының бір түнін ғибадатпен өткізсе, қазір қабырларында азап тартпайтын еді» деді.

Кім ережеп айының құрметіне үш күн ораза ұстаса, 90 жыл құлшылық еткендей Аллаһ тағаланың сауабы жазылады. Кімде кімнің бір жері ауыратын болса, ережеп айының ортасында ораза ұстаса, осы сүннетті орындаған үшін көптеген аурулардан құтылады. Аллаһ тағала ол адамдарға шипасын береді.

Биыл ережеп айының бірінші күні 2011 жылдың маусым айының 3 жұлдызына сәйкес келіп отыр. Ережеп айының бірінші күні ораза ұстаған адамға Аллаһ тағала үш жыл ораза ұстағандай сауап жазады. Екінші күнге екі жыл, үшінші күнге бір жыл ораза ұстағандай сауап жазылады. Сондықтан осы күндері ораза ұстап, түнде құлшылық қылып сауап алайық. Ережеп айының басы 3, 4, 5 маусымға сәйкес келеді. Сәресі уақыты таңғы сағат 2.16-да аяқталады, ауыз ашар уақыты 21.16-да басталады. Ортасы 16, 17, 18 маусымда, сәресі сағат – 2.18-да аяқталады, ауыз ашар сағат – 21.25-те. Соңы 30 маусым,  және 1, 2 шілде күндері, сәресі сағат 2.22-де аяқталады, ауыз ашар сағат – 21.27-де.

Ережеп айының алғашқы жұмасы, яғни бейсенбіден жұмаға байланған кеш - Рағайып кеші деп аталады. Рағайып кеші пайғамбарымыздың нұры Нұрмухаммедтің, анасы Әминаның маңдайына қонған түн, яғни анасының құрсағына түскен түні және Аллаһ тағаланың рахметі көп жауатын түн. Кімде–кім рағайып кешінде ораза ұстаса, оған сол түннің үштен бірінде дұға жасамайтын періште қалмайды. Пайғамбарымыздың құрметі үшін барлық періштелер ол адамға бата береді. Рағайып кеші 7–8 маусымға сәйкес келеді. Осы түнде көп дұға жасап, тілек тілейік.

Рағайып кешінде оқылатын намаз: Ақшам намазынан кейін 10 рекағат намаз оқылады. Ниеті: «Ниет еттім Аллаһ ризалығы үшін рағайып кешінің құрметіне осы намазды өтемекке».  Әр рекағатта бір Фатиха сүресі, үш Қадыр сүресі, он екі Ықлас сүресі оқылады. Намаздан соң 25 рет – Ләә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил ғалиил ғазым, 25 рет – Истиғфар дұғасы оқылады және тілек тілеп бата жасалады.

Құрметті ағайын! Осы қасиетті айда Аллаһ Тағалаға ғибадат ету, Құран Кәрім оқу, салауат айту, тәсбих тарту, зікір салу, дұға – истиғфар ету, садақа беріп, мұсылмандарды қуанту - өте сауапты іс. Ендеше, қасиетті айдың басталуы құтты болсын!

Павлодар қалалық «Ақ мешіт»  

баспасөз  қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30