Бейсенбі күні Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан дәстүрлі «Ауызашар» берілді. Оған облыстың қалалары мен аудандарынан соғыс және еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар, дін, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ақсақалдар қауымы шақырылды. Алдымен аймақтың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы Құран оқыды. Еңбек ардагері Оралбек Қожанов Рамазан айында аруақтарға дұға оқып, құрмет көрсетудің, мұсылмандық парыздарды сақтаудың, осындай шара өткізудің мән-маңызына тоқталды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

