ДІНИ ДӘРІС АЛЫП ЖҮР

       Жуырда жол түсіп, Еңбек ауылына бардық. Қасиетті Рамазан айы болғандықтан мешітке ат басын бұрдық. Біз барған күні ауылдағы шағын мешіт үйінде жастар дәріс алып жатыр екен.
       Бұл игілікті істі қолға алған Алматы облысы, Көксу ауданы, Амангелді ауылындағы мешіт үйінде көп жыл қызмет атқарған, имам Хайдолла Әділбек деген азамат. «Алланың сәтінің салғаны болар, осы қызметке мен Рамазан айының бірінші күні кірістім,- дейді Хайдолла Әділбек. Мен Алматы облысынан келген соң бірден облыстағы Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Жолдасбек Қоспақұлына, Ақсу қаласының бас имамы Нариман бауырымызға арнайы барып, жолығып, осы қызметке жолдама алдым. Келе сала ауыл әкімі Ғалым Шайманұлымен кездесіп, ол азамат ауыл ақсақалдарын жинап таныстырды. Енді міне, ауыл жастарының бастарын қосып, діни дәріс беруді бастадым. Кешке тарауық намазға осы мешіт үйіне адам симай кетеді. Уағыз айтамын, діни тақырыпта мағлұмат беремін. Келешекте мешіт үйі жеке бой көтеріп, онда жастардың некесі қиылып, бес уақыт намаз оқылса, азан шақырылып нәрестеге есім берілсе деген арман-тілек бар. Ел болып, халық болып осы бір игі істі қолға алсақ, нұр үстіне нұр болар еді».

Шамшат ЖҮНІСҚАЛИ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30