Қасиетті Рамазан айында дәстүрге сай Ақсу қаласының орталық мешітінде қала басшысы Оразгелді Қайыргелдинов және Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Арман Есенжолов, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның президенті Абдуазим Рустамбаевтың ұйымдастыруымен ауызашар дастарқаны жайылды.
Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған шараға қала жұртшылығы мен ауылдық елдімекендердің де ауыз бекіткен жамағаты қатысты. Мешіт имамы Нариман Исенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұқан Арынов, Жолқұдық ауылының имамы Қырықбес Әбдіғалымов, педагог-ардагер Ізбасар Үсенов, әйелдер алқасы атынан Құсни Шаханова мұсылман қауымына берік иман тілеп, тұтқан оразаларының қабыл болуына тілек білдірді.
Бұдан кейін ата-баба рухтарына бағыштап құран оқылды.
Ақбота СЕЙСЕНБАЕВА.

