ҚАСИЕТТІ АЙДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР

 

       Қыркүйек айының 5-нен 6-сына қараған түнде барша мұсылмандар қасиетті де сүйікті Қадыр түнін қарсы алды. Бұл күні мұсылман қауымы Аллаһ Тағаладан тілек тілеп, өткенге салауат айтты. Қадыр түнінде барлық мешіттерге адамдар жиналып, Аллаһ Тағалаға құлшылық жасалды. Ақсу ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары да қасиетті Қадыр түнінде Малайсары батыр атындағы мешітке жиналды. Алланың үйінде тарауық намазы оқылып, уағыздар айтылды. 
      Мешіттің имамы Қуандық Алдоңғаров жиналған жамағатқа Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с) өмірі жайлы баяндап, уағыз айтты. Сондай-ақ, қасиетті түндегі қадырлы шараға Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің имамдары да қатысты. Қасиетті Құран Кәрімнің сүрелері мен аяттары оқылып, имандылық жайлы тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды. 
       Қасиетті Рамазан айында қызылжарлық тұрғындар Малайсары батыр атындағы мешіттің жанынан өз қаражаттарына асхана тұрғызыпты. 11 қыркүйек, яғни Ораза айтының үшінші күнінде аталған нысанның ашылу рәсімі өтпек. «Қызылжар ауылының тұрғындары имандылыққа бет бұрып келеді. Төрт жыл бұрын бой көтерген Алланың үйі қызылжарлықтардың құтты орнына айналды. Қызылжар ауылының тумалары - ағайынды Ысмайыловтар орнатқан мешіттің қасынан асхана ашу ауыл тұрғындарының басты мақсаты болатын»,- дейді Қаратай қажы Жүкенов.        Асхананы тұрғызу мақсатында қызылжарлық тұрғындар Аллаһ разылығы үшін деп қайырымдылық жолмен қаражат жинаған. Екі жарым мыңдай тұрғыны бар ауылдықтар 800 мыңдай қаражат жинаған. Әсіресе, ауыл тұрғындарының ішінен Олжабай Аралов пен Қуандық Қабышев ерекше белсенділік танытқан. Сондай-ақ, Рымтай қажы Рыспаева өз қаражатына электр сымдары мен құрылғыларын толықтай өзгерткен. 
       Мұсылман жамағатқа есігін айқара ашқалы отырған Алла үйінің асханасында енді діни жабдықтар өткізілетін болады. 

Фархат ҚЫЗДАРБЕК,
Қызылжар ауылы. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30