Успен ауданының әкімі Н.Әутәліповтің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Ұрық» мешітінде ауызашар дастарқаны жайылды. Оған ауданның құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыз бекіткен жамағат шақырылды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шараға қатысқан мұсылман қауымға «Ұрық» мешітінің имамы К.Оразов отыз күн ұстаған ораза мүбәрак болсын деп тіледі. Шара барысында тұрғындарға ас беріліп, ата-баба рухына бағышталып Құран оқылды. Сондай-ақ ауызашарға жиналған қауымға ислам дініне байланысты уағыздар айтылды. Ақ дастарқаннан дәм татқан жұртшылық осы игі шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қайырымдылық істерінің сауаптан болуына ниет білдірді.
Н.АҚЫТЕГІ.

