ЗҰЛХИДЖА АЙЫ БАСТАЛДЫ

Мұсылман күнтізбесі бойынша 7 қараша күні Зұлхиджа айының бірінші күні басталды.

Биыл Зұлхиджа айы 7 қараша мен 6 желтоқсан аралығына сәйкес келіп тұр. Нақ осы айда барша мұсылмандар үшін қасиетті мерекелердің бірі - Құрбан айт болады. Күнтізбесі бойынша Зұлхиджа айының 9-шы күні - Арафа, ал 10-шы күні Құрбан айт атап өтіледі.

Хадис шарифтерде Зұлхиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары екендігі айтылған. Мәселен, «бұл күндері тұтылған ораза - бір жыл ораза тұтумен, бір түнін ғибадатпен өткізу - қадір түнін ғибадатпен өткізумен тең», «осы күндері жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады», сондай-ақ Аллаһтың алдында Зұлхиджаның алғашқы он күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (сүбһан Алла), тахмидті (әлхамдулиллаһ), тахлилді (Лә иләһа иллаллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбәр) көп айтыңдар», делінген.

Хазіретi Абуддар да былай бұйырады: Зұлхиджа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза тұту керек, көп садақа беріп, дұға ету керек. Өйткені, Расуллуллаһ (с.ғ.с.): «Бұл он күннің игілігінен және берекесінен махрұм қалған адамға обал болсын» деген.

Айта кетейік, Зұлхиджа айының 10-ыншы күні, яғни 16 қарашада үш күндік Құрбан айт мерекесі басталады. ҚР «Еңбек туралы» заңының 96 бабы 4 тармағына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30