МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР

(570-632)

 

Мұхаммед - әлемдегі ең ірі, ең ұлы үш діннің біріИсламның негізін салушы, тарихтағы тұңғыш мұсылман мемлекетінің басшысы, пайғамбар дәрежесіне жеткен үлкен ойшыл. Ол 570 жылы Мекке қаласында әл-ауқаты шамалы отбасында дүниеге келген. Алты жасында ата-анасынан айырылып, жоқшылықтың да, тапшылықтың да тақсіретін көп тартып, жетім болып өскен ол жиырма бес жасында бір бай жесір әйелге үйленіп қана кісі қатарына кіреді.

О тұста Меккенің өзі Арабиядағы өнер-білімнен, кәсіпшіліктен мақұрым, сауда орталықтарынан шалғай жатқан, шаман дінін ұстанып, көп құдайға табынатын мәдениеттен мешеу өлке болатын. Сонда да келіп-кетіп жүретін санаулы көзі ашық иудейлермен, ғайсамандармен араласып, сұңғыла Мұхаммед бар ғаламды билеп тұрған бір құдіреттің бар екеніне көз жеткізіп, қырық жасында жаратушы жалғыз Аллаға сыйынып, өзін оның жердегі елшісі деп жариялады. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, жаңа дінді талмай насихаттап, сонау Мединеден көптеген жақтастар тапты. Сөйтіп, Ислам дінінің негізін салды. Ол өмірден өткеннен кейін оның дініне кіргендердің бәрі өздерін Мұхаммедтің үмбетіміз деп санады.

Өйткені ол жұртқа құдай рухы сіңген қасиетті Құранды қалдырып кетті. Оның айтқандарының бәрі көзі тірісінде жазып алынып, түгел дерлік енгізілген бұл киелі кітап адамгершілік қағидалардың төрт құбыласы түгел біртұтас заңнамасына айналды. «Таза діни деңгейлерін салыстырып көргеннің өзінде де Мұхаммедтің адамзат тарихына ықпалы Ғайса пайғамбардан артық болмаса, кем емес» деп жазады американ ғалымы Майкл Х.Харт. Адамзат тарихында бұрын-соңды өткен әлемдегі ең ұлы жүз өрен тұлғаны іріктегенде Мұхаммедтің аты бірінші аталуы әсте тегін емес. Оның баршаға ұлағат болар ұлы ойлары хадистері арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.

 

Адамның адамгершілігі білім деңгейімен өлшенеді.

Ғалымның өліміғаламның қирауы.

Жұмақ анаңның аяғының астында.

Надан тірісінде де өліммен тең, ал ғалым өлгеннен кейін де өмір сүреді.

Бесіктен бесікшеге дейін оқы.

Жалғыз әріптен тұратын сабақтың өзін мың мәрте қайтала.

Өз еңбегімен тапқан тағамнан дәмді асты тіршілікте ешкім ішіп көрген емес.

Бала күніңде алған білім тасқа басқан таңбадай берік болады.

Құдайға құлшылық қылудың ең үлкенібілім қуу.

Алпыс жыл намаз оқып, ғибадат қылғаннан алты минут ғылыммен шұғылданған пайдалы.

Жаны жомарттар ғана әйелдің қадір-қасиетіне жетіп, құрмет көрсетеді. Ал әйелді сыйламай, қорлайтындар - барып тұрған сүйкімсіз жандар.

Сәлемге жауап қайтарылатыны сияқты хатқа да жауап жазу - сауап.

Барлық - ұшы-қиырсыз мол қазынаға ие болу ғана емес. Шын байлық жаның жай тауып, алаңсыз ұйықтау, сабырыңды сақтай білу.

Көршілерінен ұдайы қауіп күтіп, қос үрей болып сескеніп отыратын адам - нағыз дінсіз.

Өзі тоқ, көршісі аш адамның дінге сенетіні өтірік.

Өзгедегіні қызғану оқымыстының ақылын азайтып, рухын пәс етеді.

Дауласужауласудың досы.

Аманатқа қиянат жасағандар иман-сенімнен жұрдай жандар.

Кішіпейіл кісі құдыққа құласа да, аман құтылады.

Айтқанын орындай алмайтынын біле тұра сөз берсе, уәде бұзу деген осы. Ал уәде бұзуимансыздықтың белгісі.

Айқас үстінде жеңіп шығу ғана емес, ашу үстінде ұстамдылық таныту да - ерлік.

Біліміңді жазып бекіт.

Кісінің имандылығы кісі сыйлауынан көрінеді. Адамның ақыл-парасаты, мәдениеті мен тектілігі мінез-құлқынан байқалмақ.

Құлаққа тигеннің бәрін жария етуге ұмтылу күнәһар болу үшін жетіп жатыр.

Ерлік адамшылықтан, үрей алдамшылықтан туады.

Рахымшылдық кісіні жамандыққа барғызбайды.

Керекті істі ойланбай істеп, күлкіге қалғанша, қолға алмай-ақ қойған жақсы.

Қазылардың екі түрі тозаққа, бір түрі жұмаққа барады. Жұмаққа баратыныақиқатты анықтап әділ төрелік жасайтындар. Ал ақиқатты аша алмай, әділдікке қиянат жасай отырып төрелік айтқан және істің байыбына барып, себебін ашпай үкім шығарған қазылар тозаққа тап болады.

Жұрттың шөлін басамын деген кісі суды соңынан ішеді.

 

Пікірлер  

 
-1 #2 қалай жазған 17.11.2010 15:43
Бисмиллә, Мына Пайғамбарымыз с.а.у. өмірбаянын қалай қате жазған. Асстағфирулла діннен білімі жұрдай адамның қолы екені көрініп тұр. Редакция қызметкерлері мұндай хаттарды қалай тексермей жариалайды. Бұл мақаланы қателерін дүзеп қайтадан қойю керек әйтпесе кез келген мұсылманның намысына тиеді емес пе? Біздің расулімізді бе ша ра етіп үйленгеннен кейін адам қатарына қосылды дегені сұмдық емес пе? Мақаланы жазған адамға Аллаһ хидаят берсін.
Цитировать
 
 
-1 #1 Пайғамбарлық 15.11.2010 12:37
Ассаламу алейкум. Мен сіздің жазғаныңызбен келіспеймін. Мысалы Пайғамбарлық деген дәреже жоқ үйткені , тек Аллаһ тағала таңдаған адам ғана Пайғамбар бола алады. Және Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ойшыл болмаған, ол кісіні ойшыл, ақын , есінен адасқан деп кәпірлер айтқан. Екіншірет мұнадай дұрыс емес мақалалар шықпаны жөн, неге десеңіз діннен хабары жоқ адамдар шадасуы мүмкін.
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30