ГЕРМАНИЯДАН МАМАНДАР КЕЛМЕК

Үстіміздегі жылдың 19 қарашасы күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев танысу мақсатымен Германия елінің Леверкузен қаласындағы «CHEMPARK» атты ірі химия паркінде болды.

Қазіргі кезде, облыс басшылығы «Каустик» АҚ-ның бос аймақтарында және пайдаланусыз жатқан алаңдарында арнайы экономикалық аймақ ұйымдастыру мәселесін белсенді түрде қарастырып жатқандығы белгілі. Аталмыш бос алаңдарды пайдаланудың бағыттарының бірі заманауи химиялық парк құру болып табылады.

Бүгінде Германияда үш бірдей химиялық парк жұмыс істейді. Олар CURRENTA басшылығындағы жемісті даму жолына түскен - «CHEMPARK», «DORMAGEN», «Krefeld-Uerdingen» парктері.

Олардың ішіндегі ең ірісі - «CHEMPARK» химиялық паркі. Оның аумағында «Bayergroup», «ALISECA», «AsahiKASEIgroup», «Ausbildungsinitiative», «Baywoge», «Bertschi AG» және «Mersedes-Benz» компанияcның құрылымы, «HOYER», «LEHNKERING», «Linde», «RWE», «LANXESS», «TECTRION» сынды басқа да компания топтары бар 68 кәсіпорын жұмыс істейді.

Онымен қоса, мұнда табиғатты қорғаудың барлық технологиялары қарастырылған: химиялық лас қалдықтарды жоюға арналған термиялық пештер бар, сондай-ақ қатты қалдықтарды көметін полигон бар. Су тазарту құрылғылары да орнатылған.

Парк аумағында аталмыш алаңда жұмыс істейтін өз кәсіпорындарына мамандар даярлайтын оқу орны бар. Оқу бітірген түлектердің барлығы еңбекпен қамтылады.

Аталмыш парк ішінде бизнесті дамыту, оның қатысушылары үшін бірқатар кепілдік артықшылықтар береді: инфрақұрылымды құруға бағытталған инвестициялық шығындарды едәуір үнемдеу; бизнесті жедел дамыту; жобаның өзін-өзі ақтау мерзімін қысқарту; өзіндік құнына өндірісті орталықтандыру және сервистік қызмет түрлерін енгізу арқылы үнемдеу; бәсекелестікті арттыру. Паркте жалпы саны 28 мың адам жұмыс істейді.

Сапар барысында облыс әкімі Б.Сағынтаев CURRENTA кәсіпорнының басқарма төрағасы, доктор Клаус Шефермен кездесті. Ол қонақты парк қызметімен таныстырды. Соңынан екіжақты әріптестік қатынастар мәселесі сөз болды.

Нәтижесінде өндірістік химиялық аймақ құру бойынша «Каустик» АҚ базасын зерттеу үшін Павлодарға сарапшы-мамандардың келетіндігі жөнінде келісілді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30