ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

 

 

Павлодар кәсіпкерлері облыс әкімінің орынбасары М.Оспановтың басшылығымен Италияның Халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі комиссия басшылығының шақыруы бойынша ағымдағы жылғы 9-10 ақпанда Молдова Республикасының Кишинев қаласында өткен Байланыс биржасына қатысты. Іс-шараға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Армения және ТМД-нің басқа да елдеріндегі итальяндық өңірлік басқару органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу итальяндық «Busines gate» - «Іскерлік әлеміне жол» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті. Бұл – Батыс Еуропа нарығында өз өнімін өткізуге мүдделі кәсіпкерлер үшін бірегей жоба. Кишинев қаласы өзінің визалық, логистикалық және географиялық ерекшеліктерінің мүмкіншіліктеріне байланысты кездесу алаңына айналды.  
Экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктердің тұсаукесері кезінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Оспанов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнестің инновациялық дамуына, әлемдік нарықта отандық өнімді өткізуге көп көңіл бөлетінін атап өтті. «Өз кезегінде, Павлодардың өнеркәсіптік және туристік әлеуеті кәсіпкерлік ынтымақтастыққа дайын және біз өз өнімдерімізді Батыс Еуропада өткізу нарығын іздеуге қызығушылық танытамыз», - деді біздің делегация басшысы.
Римнің, Верона, Милан сияқты итальяндық провинциялар мен Ресей өңірлерінің кәсіпкерлері металлургия саласының бұйымдарына, ауыл шаруашылығы, кондитер өнімдеріне, сонымен қатар, Баянауыл туристік базасының реакреациялық ресурстарына ерекше көңіл аударды.
Сонымен қатар, сапар барысында Мұрат Оспанов Италияның Халықаралық қатынастарын дамыту жөніндегі комиссиясының төрағасы Розарио Салемимен кездесу өткізді. Комиссия мен Павлодар облысы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою кездесудің қорытындысын шығарды. Құжатта сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвесторларға капитал салуға қолайлы жағдай жасау, Павлодар кәсіпкерлерінің өнімдерін батыс нарығында өткізу бойынша бірлескен қызметтің негізгі бағыттары айқындалды.
 
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28