Өткен аптада Астана қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл спортының бүгіні мен ертеңі» атты республикалық семинар-кеңес болды. Оған қатысушылар Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес ауылдағы бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады. Ауыл спортындағы басты тұлға нұсқаушы әдіскерлердің іс тәжірибелері ортаға салынды
Семинар-кеңесте біздің облыстың ауылдағы спорт инфрақұрылымын дамытудағы жетістіктері атап өтілді. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары А.Торсықбаев айтқандай, өңірімізде 3089 спорт орны мен алаңы бар. Биыл ғана 58 нысан пайдалануға берілді. Оның он төрті ауылдық жерлерде бой көтерді. Алдағы уақытта осы игі іс жалғасын таба береді.
Ө.РҮСТЕМОВ.

