Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің кезекті ойындары өтті. «Ертіс-Павлодар» командасы Өскеменнің «Казцинк-Торпедо» командасымен кездесіп, екі ойында 7:1, 6:0 есебімен басымдылық танытты.
Өскемендік жас хоккейшілер ойынның алғашқы кезеңінде азулы «Ертіс-Павлодар» командасына қарсылық танытып, жерлестеріміздің қақпасына екі шайба соқты. Қонақтардың сапынан М.Рахманов пен Е.Ергера көзге түссе, жерлестеріміз С.Мирошниченко мен А.Колкунов есепті теңестірді. Ойынның қалған екі кезеңінде павлодарлықтар өз басымдылықтарын қолдарына алды. В.Артюшин, Р.Благой мен А.Петушков А.Микушкин қорғаған қақпадан саңылау тапты. А.Бобкин мен А.Петушков та нәтижелі болып, ойындағы қорытынды есепті белгіледі.
Ал екінші күнгі кездесуде «Ертіс-Павлодар» командасы айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Олар ««Казцинк-Торпедо» қақпасына жауапсыз 6 шайба соқты. Ойынның бірінші кезеңінде-ақ жерлестеріміз А.Белкин, Е.Николаев пен А.Колкунов қонақтардың қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші кезеңде А.Бобкин мен А.Липин көзге түссе, А.Вяткин үшінші кезеңді кездесудің қорытындысын қойды.
Рудныйлық «Горняк» өз алаңында Қарағандының «Сарыарқасына» жол берді. Елордалық «Барыс-2» Көкшетаудың «Арланынан» басым түссе, «Бейбарыс» пен «Арыстан» арасындағы ойын соңғысының пайдасына шешілді. «Қазақмыс» пен «Алматы» арасындағы кездесуде Сәтбаев хоккейшілерінің мерейі үстем болды.
«Ертіс-Павлодар» келесі кездесуін Сәтбаевтың «Қазақмыс» командасымен өткізеді.
Команда О Ұ
«Сарыарқа» 5 15
«Ертic-Павлодар» 4 12
«Арыстан» 6 11
«Горняк» 5 9
«Бейбарыс» 6 9
«Арлан» 6 7
«Казахмыс» 4 6
«Барыс-2» 6 6
«Казцинк-Торпедо-2» 4 0
«Алматы» 4 0
Фархат ҚЫЗДАРБЕК.

