Рухты асқақтатуға үлес қосыңыз!

Біздің облысымыз - халықты ізгілік пен руханиятқа жетелеген, жас буынға жөн сілтеп, жол көрсеткен, болашаққа бағыт-бағдар берген ұлы тұлғаларға бай аймақ. Тарихы - шежірелі, рухы - өр осы өлкеден түлеп ұшып, жалпақ жұртқа кеңінен танылған қасиетті жандар аз емес.

Саналы ғұмырында имандылықты маңсұқ еткен, қоғамға тәлімді жолды көрсеткен, жан-жақты қабілеттің иесі атанған жандарды әркез ұлықтап жүру – ұрпақтар борышы.

Қасиетті Түркістан қазақ үшін қаншалықты қастерлі болса, өңіріміз үшін Ақкөл-Жайылма атырабының қасиеті зор. Қожалар мен әулие-әмбиелердің мекені саналатын бұл атыраптың атағы алысқа тараған. Исабек ишан, Нұрмұхамбет ишан, Жеміс молла, Нұрқай молла, Солтан қожа, Түйте әулие, Жандарбек қожа сынды талай ұлы тұлғаларға тұғыр болған Ақкөл-Жайылма өңіріне жұрт қысы-жазы көптеп ағылады. Киелі жандардың рухы желеп-жебеп жүрсін деген ниетпен әулиелер мекеніне тілек етіп келеді. Қастерлі топырақтан дертке дауа, жанға шипа, қоғамға жайлылық іздеп, тілек етіседі, медет сұрайды. Сондықтан да бұл жердегі қорымның қоғам үшін маңызы да зор саналады. Ақкөл-Жайылма атырабын рухани орталыққа айналдыру мақсатында өңіріміздің бірқатар азаматтары игі іске бастамашы болып отыр. Аллаһ Тағалаға мадақ айта отырып, қасиетімен көпшілікке нұр шашқан әулие бабалардың рухына тағзым ету, сол арқылы жастарға ізгілік жолын көрсету – баршаға ортақ басты парыз. Тарихи тұлғаларды ардақтау, құрметтеу арқылы жас буынға үлгі-өнеге таныту мақсаты да басты ұстаным саналады. Осылайша, бір топ азамат Қамқоршылық қорын құрып отыр. Қордың мақсаты – Ақкөл-Жайылма өңіріндегі рухани желіні одан әрі жандандыру, Исабек ишан кесенесін тұрғызу, қасиетті қорымға тәу етіп келуші жамағатқа оңтайлы жағдайлар, рухани жағынан толыса түсуге мол мүмкіндіктер жасау. Қамқоршылық қорын құруға ұйытқы болғандардың қатарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын, есімдері республикаға әйгілі азаматтар – Қуат Есімханов, Елтай Арбиев, Абызбай Адамов, Жұмабек Қамзин, Тасболат Әбуғожинов, Ақкөл –Жайылма өлкесінің құрметті азаматтары - Әбілқақ Түгелбаев, Серікбай Бояубаев, Дүйсенбек Оспанов, Зейнілқабиден Құсайынов сынды белгілі азаматтар бар.

Ата-баба рухын асқақтата отырып, жастарға имандылық нұрын сіңіруді көздеген Қамқоршылық қорының бастамасын қолдаймын, қордың есепшотына қаржы аударып, үлес қосамын деген барша азаматтарға есік ашық, ықылас-ниет зор. Сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз рухани дамуға, жастарымыздың иманды болуына, тарихты құрметтеуге қосылар үлес болып табылатынын ұмытпағайсыз.

Өңірімізге танымал тұлға әрі ұлттық рух, діл, тіл бағытындағы ұстанымдарыңыз аса жоғары жан ретінде бағалай отырып, Қамқоршылық қорына қолдау көрсету туралы ұсынысымызды жеткіземіз.

Егер бастамаға қолдау жасаймын десеңіз, хабарласыңыз. Қордың дербес есепшотына қаржы аударып, үлесіңізді қоса аласыз.

«Исабек Ишан атындағы қайырымдылық қоры» жеке қорына ақша аудару үшін «БанкЦентрКредит» АҚ-ның Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 156/1 үйде орналасқан филиалына хабарла-сыңыз. Қордың есепшот нөмірі: KZ718560000004076789. (ұлттық валюта - теңгемен) СТН 451500267096, БИН 100940008980.

Ұйымдастырушылар алқасы.

 

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29