Жас мамандарды шалғай елдімекендерге тарту мақсатында республикалық «Дипломмен ауылға!» атты бағдарлама қолға алынған болатын. Аталмыш бағдарлама аясында Успен ауданының ауылдарына дәрігер және мұғалім мамандығы бойынша жұмыс істеуге 30 жас маман жолдама алған еді. Атап өтерлігі, ауданда сол жас мамандарға қолдау көрсету мәселесі оң жолға қойылып отыр. Осы мақсатта аудандық бюджет есебінен 2,5 миллион теңге көлемінде көтерме ақы қарастырылған. Одан басқа ауданға жаңадан келетін 6 дәрігер маманға шамамен 3 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінбек. Ал 7 маманға республикалық бюджеттен 692,2 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленген.
Аудан басшылары жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетуді әрдайым назарда ұстауда. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
Н.АҚЫТЕГІ.

