«ТАРЛАН» - ҚАЛА ӘКІМІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар қаласы әкімінің кубогына қазақ КВН-нің «Ертіс бойы» республикалық қалалық лигасының жартылай финал ойындары өтті. Ойынға облысымыздың жеті командасы қатысып, көрермендерін тамаша әзілдерімен қуантты. Көңілділер мен тапқырлар ойыны Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы мен ішкі саясат басқармасы, Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен облыстық «Мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламасы және қалалық «Жастар» кешенді бағдарламасы аясында өткізілді.

     Әзілкеш командалардың «Жаңа маусым – жаңа стиль» атты тақырыпқа арналған осы жолғы жартылай финал ойынына С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «У-шу», ПМПИ-дің «Заман», ИнЕУ-дің «Жарқыра», Семей мемлекеттік медициналық академиясының Павлодар филиалының «Шипагерлер», Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің «Анти-пати», Екібастұз қаласының №18 мамандандырылған лицейінің «Біз - қазақпыз» және №30 мектептің «Тарлан» командасы қатысып, жақсы ойын көрсетті. Жартылай мәреге қатысқан топ ойыншылары «Сәлемдесу» және «Freestyle» сайыстарында жарасымды әзіл айтып, өздерінің тапқырлық өнерлерін жұртшылыққа тарту етті. Мемлекеттік тілде өткізілетін КВН ойындарына қатысқан топтар өзіндік ерекшеліктерімен танылып, көңілге қонымды әзілдерімен барша өнерсүйер қауымға күлкі сыйлады. «Шипагерлер» тобының ойыншылары «медициналық» тақырыпта, ИнЕУ-дің «Жарқыра» командасының Бауыржан есімді ойыншысы қазақи әзілдермен шараның көркін келтірсе, ПМПИ-дің «Заман» тобының ойыншылары ұстаздар мерекесіне арналған әзілді көріністерін тарту етті.
     Қазылар алқасы құрамында облыстық Бұқар жырау атындағы музейдің директоры Роза Игібаева, «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ақпараттық қызмет бөлімінің редакторы Ламбриан Топузов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің бастығы Нұрлан Байбәкіров, қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілі Салтанат Әкімбекова және республикалық «Ертіс бойы» лигасының жетекшісі, «Шығармашылық жобалар орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділ Жұмекенов болды.
     Қазақша көңілділер мен тапқырлар топтарының жартылай финал ойындарына сонымен қатар 2008 жылғы қала әкімі кубогының иегері, С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің «Ыржи» және Павлодар машина жасау колледжінің «Машинка сарбаздары» командасының ойыншылары қонақ ретінде қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
     Қазылар шешімі бойынша оза шапқан 5 команда ақтық ойында топ жаратын болды. Олар: «Заман», «Жарқыра», «Біз қазақпыз», «У-шу» топтары бар. Ал №30 мектептің намысын қорғаған «Тарлан» тобы қала әкімінің кубогына ие болды. Ақтық сынға жолдама ала алмаған командалардың финалға өтуге тағы бір мүмкіндігі бар. Қалған екі топ резервте тұратын болады. Бұл туралы Қазақстан КВН одағының Павлодардағы өкілдігінің төрағысы Әділ Жұмекенов мәлімдеді.
     Кезекті қалалық лиганың жартылай финалына қатысқан ойыншылардың жақсы ойын көрсетуі - шынайы бәсекелестік пен жақсы дайындықтың нәтижесі екені сөзсіз. Бұның өзі Павлодар аймағындағы қазақша КВН ойындарының деңгейі жоғарылауының нышаны екеніне ешкім дау тудырмас.


Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31