ЖАҢА КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

altЕліміздегі энергетика саласы бойынша  Павлодар облысының алатын орны ерекше.  Біздің өңір Қазақстандағы электр энергиясының 44 пайызын өндіреді. Ірі өндіріс орындары орналасқан аймақта қоршаған ортаның тазалығы мәселесі де маңызды екені даусыз. Экологияны жақсарту жолында облыстағы қуат өндіру кәсіпорындары игі бастамаларымен танылып отыр.
Өткен бейсенбі, энергетиктердің төл мерекесі күні Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясының №6 энергоблогында электрсүзгі іске қосылды. Аталмыш шараға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огай қатысты. Өңір басшысы өндіріс жұмысымен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында станция жанынан жуықта ашылған минералды мақта өндіретін кәсіпорынмен танысты.alt
ГРЭС-1 станциясындағы №6 энергоблогына орнатылған жаңа электрсүзгі күлді ұстап қалу деңгейін 99,9 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек. Дәл осындай құрылғы  өткен жылдың желтоқсан айында №5 энергоблокқа қойылған. Заманауи құралды орнатуға 12,5 миллиард теңге қаржы жұмсалған. 2013 жылға дейін қазіргі қолданыстағы  6 энергоблоктың барлығын жаңа сүзгілермен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Нәтижесінде, ауаға  тарайтын зиянды заттардың мөлшері анағұрлым кеми түспек.
- Мұндай айтулы бастамалар аймағымызда қуат өндіретін станциялардың қоршаған ортаға тигізетін залалын 4 есе төмендетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Республикамыздағы электр қуатының жартысына жуығы біздің өңірде өндірілетінін ескерсек, қоршаған ортаның ахуалына назар аударуымыз өте маңызды. Алда әлі де  талай серпінді жобалар күтіп тұр. Келесі жылы бұған дейін тоқтап тұрған бірнеше энергоблок қатарға қосылып, өңіріміздегі қуат өндірісін арттыра түсу көзделуде. Бүгінде облыс бойынша өндіріліп отырған қуат көлемі 6500 мегаватт болса, жоспарланған меже бойынша 1916 жылы 9000-9500 мегаватқа жетуіміз керек,-деді Бақытжан Әбдірұлы станцияны аралау барысында.
Мұнда жұмыс істеп тұрған №3, 4, 5, 6, 7 энергоблоктарды модернизациялау, тағы үш блокты қалпына келтіру, оларға электрсүзгілерін орнату мақсатындағы бірнеше кезеңнен тұратын инвестициялық бағдарлама сәтті орындалуда. Модернизациялау 2016 жылға дейін жүргізіледі. Бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстар 1 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Бұл - жалпы құны 1 млрд. АҚШ доллары болатын кең ауқымды инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі ғана.
Бүгінгі таңда №8 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстарының елу пайызы орындалды. Сол секілді, №2 энергоблокты қалпына келтіруге әзірлік жасалуда.    Үстіміздегі жылы инвестициялық бағдарламалар аясында  №6 энергоблоктағы электрсүзгілерді монтаждау және орнату жұмыстары атқарылып, №4,5,7 энергоблоктарда осындай құрылғыларды монтаждау басталып кетті. Сондай-ақ, №3 және №6 энергоблоктарды күрделі жөндеу, жаңғырту шаралары станция жұмысының сенімділігі мен қуатын арттыра түспек.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Э.Огай: «Екібастұз ГРЭС-1 станциясын жаңғыртуға қатысты ауқымды шаралар компания қызметкерлері үшін ғана емес, жалпы қазақстандықтар үшін де маңызды екенін білемін. Алдағы уақытта бұл жүйелі жұмыстар жалғаса береді. Орнатылып жатқан электр сүзгілердің арқасында қоршаған ортаны қорғауға  өз үлесімізді қоса аламыз»,- деді.
Көмірлі қаладағы тағы бір жаңа өндіріс минералды мақтаның өзіндік құны арзан әрі сапалы түрін шығарады. Бұл - аймағымыздағы және  еліміздің батыс өңірлеріндегі              ірі кәсіпорындарға аса қажет материал болып саналады. Аталмыш кәсіпорын, тіпті ресейлік шығарушылармен бәсекеге түсуге қабілетті екені айтылды.
Облыс әкімі Екібастұз қалалық мәдениет сарайында энергетиктер күніне орай өткізілген салтанатты шараға қатысып, қуат өндірушілерді төл мерекесімен құттықтады. Аталмыш салада ұзақ жыл қызмет етіп, еңбегімен еленген бірқатар азаматтарды Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.
Аймақ басшысы Елбасының қолдауымен көмірлі шаһарда салынып жатқан 650 орындық  балалар музыка мектебінің құрылысымен де танысты. Аталмыш жобаны қаржыландыруды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» станциясы, «Қазақмыс корпорациясы» компаниясы өз міндетіне алған болатын.
Ал құрылысты «Стальмонтаж ЖШС» фирмасы жүзеге асыруда. Аталмыш музыка мектебі келесі жылдың ортасында ашылады деп жоспарланып отыр. Үш қабатты мекемеде концерт залы, компьютерлік зал мен кітапхана,  фортепиано сыныптары, сондай-ақ, халық аспаптары оркестрі мен ансамблі, ұрмалы, үрмелі аспаптар сияқты 52 түрлі сынып ашылмақ.


Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, Екібастұз қаласы.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31