ҚҰРМЕТТІ ПАВЛОДАРЛЫҚТАР!


Сіздерді  Павлодар қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Қаланың туған күні - бізге ортақ жетістіктеріміз бен табыстарымызға тағы бір тоқталып, алда тұрған міндеттерді саралауға жол ашар кезең. Биылғы жыл атаулы мерекелерге толы. Павлодарлықтар республикамыздың барша халқы қатарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атай отырып, әкелеріміз бен аталарымыздың қаһарлы күндерде бейбітшілік үшін күресіп, бізге еркін өмір сыйлаған қажырлылығы мен қайсарлығына ерекше құрмет көрсетті. Барлық қазақстандықтардың қатарында Қазақстан Республикасы Конституциясының және  еліміздің ішкі саяси бірлігінің негізі болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығын атап өтті. 
    Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің индустриалды-инновациялық дамуын жеделдетудің Мемлекеттік бағдарламасына, сонымен қатар  қоғамдағы келісім мен реттілікті сақтау қажеттігіне, денсаулық сақтау  деңгейін көтеруге ерекше маңыз беріп атап өтті. Павлодарлықтар  Жолдауды жүзеге асыру ісіне белсене қатыса отырып «Жол картасы 2010» бағамдарын орындауда, «Балапан» бағдарламасы бойынша қалада алғаш рет мектеп жасына дейінгі балаларға 20 шағын орталық ашты, стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесі жұмыс істей бастады.  
    Қаламызда өндіріс  ырғақты дамуда. Біз электролиз өндірісінің  екінші кезегі, болатты вакуумдау қондырғысы, өңделу сапасы жоғары құбырлар өндірісі, марганец құю секілді жаңа өндіріс орындары іске қосылғанын мақтаныш тұтамыз. «Казэнергокабель» АҚ Қазақстанда тұңғыш рет алюминий қалыпты өндірісін жолға қойды. Инвестициялық тартымдылығы мен инфрақұрылымының дамуы нәтижесінде біздің қаламыз Қазақстан экономикасының өрісіне өз ықпалын тигізуде.  
Қалалықтардың еңбексүйгіштігі - Павлодардың одан әрі гүлденіп, жасара беруінің кепілі. Биылғы жылы да қаламыздың сәнді де салтанатты болып, құлпыра түсуі үшін қалалықтар көп еңбек сіңірді. Жаңа тұрғын үйлер, спорт құрылымдары, үйлердің фасадтары мен гүлзарлар - сол еңбектің  көрінісі.
    Қала күні - Павлодар атты үлкен отбасының  мүшесі сезінетін әрқайсымыздың ортақ, сүйікті мерекеміз. Біз қаламыздың әр жылдағы қадамын еске алып қана қоймай, оның тарихына күнделікті тіршілігімізбен қатысып отырғанымызға мақтанамыз. Әрбіріміздің өз бастауларымызды есте сақтап мақтана білуіміз – қаламыздың және Қазақстанның табысына жол ашар кілт. Өткенін қадірлей білген халықтың болашағы жарқын.
     Қаланың материалдық және интеллектуалдық дамуына өз еңбегімен және талантымен еңселі үлес қосқандарды ерекше атағым келеді. Олар - біздің қадірлі ардагерлеріміз, кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, білім мен денсаулық сақтау, мәдениет салаларының қызметкерлері, қала шаруашылығының өзге де салаларының мамандары, кәсіпкерлер.
    Құрметті жерлестер, туған қаламызға деген сүйіспеншіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін, Павлодардың өркені жолындағы еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін рахмет айтамын. Біздің барлығымыздың балаларымыз бақытты, ата-аналарымыздың дені сау болып, барлық павлодарлық отбасылар бірлік пен байлықта өмір сүрейік!  
 
Павлодар қаласының әкімі
Бақытжан ЖОЛАМАНОВ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30