АСТАНАДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

    Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты қашан ұйымдастырылады екен деп, армандаған қалың жанкүйер қауым үшін қуанышты жаңалық келіп жетті. Биылғы 1-7 қараша аралығында Астана қаласында тоғызқұмалақ бойынша әлем чемпионаты өтеді. Мұның өзі егемен елімізде түркі халықтарының ойлап тапқан тоғызқұмалақ ойнын дамытуға деген зор қолдаудың белгісі деп білген жөн.

    Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Латвия, Монғолия, Түркия, Түркіменстан, Ресей, Чехия, Швейцария, Украина сияқты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Әр елдің құрамасында 3 ер және 3 әйел болады. Чемпионат ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке өткізіледі. 
    Ұлттық ойнымыз соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауыдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір бұл ойынмен шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
    Ұйымдастыру комитеті хабарлағандай, Қазақстан Республикасынан команда құрамында мына спортшылар өнер көрсетеді: ерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері (хдсш) Ғ.Темірбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы), хдсш А.Сейтжанов (Астана қаласы), спорт шебері Б.Әбілбеков (Қостанай облысы), қыздар арасында хдсш Д.Кенина (Павлодар облысы), хдсш Ә.Далиева (Қызылорда облысы), хдсш С.Сапарбекова (Оңтүстік Қазақстан облысы).
    Бүгінгі күннің тағы бір маңызды оқиғасы – 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын ретінде тіркеліп, www.iggamecenter.com – сайтында тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды. Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға болады.
Ө.РҮСТЕМОВ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30